Барқадар таппай бақидан – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Барқадар таппай бақидан» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 867
Барқадар таппай бақидан,
Әумесер болып әуліктім.
Қатыгез екем Батидан,
Бата алмай қалды
Дәу, мықтың.
Қан іздеп келем,
Қанталап,
Соңымда қолым,
сарбазым.
Тонадым жұртты сан талап,
Қаһарым жайлы бар ма «ызың»?
Шалғыздым атты
Ерімен,
Аламан тұрды теңселіп.
Шыңғысты таптым көрінен,
Сұрадым сұрақ белсеніп.
Кекілін аттың жел есті,
Найзаның ұшы тас тесіп.
Өткіздім дөңде кеңесті,
Ұнамай қалса бас кесіп.
Мыса бар мұртта қаһардан,
Қабаққа біткен сұс басым.
Ләззат таптым сапардан,
Сүрініп қалсам тысқа сын.
Есте жоқ пенде екенім,
Күпініп кеп-кеп,
Айбындым.
... Дәурені тектес текенің,
Өтуі тез ғой ай, күннің...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барқадар таппай бақидан өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Барқадар таппай бақидан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барқадар таппай бақидан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барқадар таппай бақидан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері