Өмір деген – махаббат
Бұл бетте «Өмір деген – махаббат» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген.
Өмір - сүю үздігіп,
құштарлықта жалын бар.
Қызу қанды қыз-жігіт,
ләззатына қаныңдар!
Өмір деген –
бір ғажап
махаббаттан тұрады.
Жан ғұмыры – мұңды азап,
табылмаса сыңары.
Өмір – үнсіз мұңдану
"Хош!" – дегенде сүйіктің.
Бір суынып, бір жану,
қайғысымен күйіктің.
Өмір – жанды тербеген
махаббаттың мәңгі әні,
әуенімен емдеген
бұлбұл үні таңдағы.
Өмір – жанды жырлатып,
өлең жазу түн қатып.
Махаббаттан нәр алып
өмір сүру – шын бақыт!
АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі