Тағдырмен кездесу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тағдырмен кездесу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1123
(аударма)

Билеп жүрдік. Жанарыңыз
қадалады.
Жазық маңдай,
неткен сұлу жамалыңыз,
саусағыңыз нәзік қандай!
Би биледік тіл қата алмай,
көзімізден жұлдыз ағып.
Сөйлесуге мен бата алмай,
бір бозарып, бір қызарып.
Сәл жымиып бір күлесіз,
деміңізден көктем есіп:
"Құрбым, неге күрсінесіз –
қалдық па әлде өкпелесіп?"
Дидарыңыз жүз жылытар,
тіл қатсам да, сене алмадым:
"Күрсінгенім – сіздің жұпар
деміңізбен демалғаным…"
Айтып алып қысылдым мен:
"Береді,- деп, - жауап қандай?.."
Ол жылытты түсін бірден,
көңілінде таң атқандай.
Ұнаттың ба – күлімдедің,
жанталастым соны ұққым кеп.
Өзіме - өзім күбірледім:
"Тағдырыма жолықтым!" – деп.

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдырмен кездесу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тағдырмен кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдырмен кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдырмен кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері