Дарқан далам – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Дарқан далам» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3130
Дарқан далам,
Миллиард сый тартасың
Барсам маған.
Нағылған кішіпейіл, мейрімді едің,
Аспанында ақ иық өн самғаған —
Дарқан далам.
Дарқан далам,
Сағына қауышамыз
Барсам аман.
Анасың ғой иіген ақ мамасы,
Күнің жоқ сағынышпен қарсы алмаған,
Дарқан далам.
Дарқан далам,
Болдым ғой бір өзіңнің
Арқанда адам.
Жыл сайын миллиард пұт астық алып,
Жазығында тау-тау боп дән саулаған,
Дарқан далам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дарқан далам өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Дарқан далам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дарқан далам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дарқан далам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері