Жүсіпбек – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Жүсіпбек» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 812
Қара халық құшағында ержеткен,
Қара сөздің ақ бесігін тербеткен.
Арпалысып,
һәм қарысып өтіпті,
Түзеймін деп замананы кер кеткен.
Билігі жоқ,
Қалам ғана қолында,
Атой салған әділдіктің жолында.
Аз ғұмыры (әттеген-ай!) өтіпті
Аттың жалы,
Атан түйе қомында!
Керілген қас,
Кере қарыс маңдайы,
Кеудесінде бүкіл елдің мән-жайы.
Оқушының жазған сөзін оқыған
Қайта-қайта қағылыпты таңдайы.
Қалың елі ұрынғанда аштыққа,
Шыр қағыпты басы тимей жастыққа.
Жан адамға жазығы жоқ қазақты
Қандай адам қиған екен қастыққа!
Мейлі біреу тарлан десін, тай десін,
Бір өзіңе қандай адам сай келсін!
«Мұхтар мұқап қалмасын» деп беріпті
Өзі оқып, алып тұрған бәйгесін.
Кім қашады табиғаттың заңынан,
Өнер артық жеке бастың қамынан.
О бастан-ақ туа біткен таланттар
Бірін-бірі салған жерден таныған.
Қайран Жүке!
Қара сөздің жорғасы.
Қаламынан құйылғандай қорғасын.
Толмай қойды-ау сендей жанды алса да
Ажал деген қайыршының дорбасы!
Өмір өзі (тұрмаса да көк тіреп)
Дәл осындай адамдармен тәттірек.
...Жүсекеңнің көзіндей боп әр үйде
Түстеніп жүр «Қартқожа» мен «Ақбілек».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүсіпбек өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Жүсіпбек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүсіпбек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүсіпбек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері