Сені көргім келеді

Бұл бетте «Сені көргім келеді» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1407
Сені көргім келеді –
Сені көргім,
Сенің ғана келеді соңыңа ергім
Бір көруге зар болып,
Кім біледі –
Әлі талай жылармын, еңірермін.
Сені көргім келеді –
Тағат қалмай,
Сағындырған, сарсылтқан сағаттардай.
Сенен мені қызғанып,
Көрмей қалсам –
Жүрегіме әлдекім оқ атқандай.
Сені көргім келеді –
Себебі не?!
Құмар болған торғайдай көк егінге,
Періп кетсем қарамай отқа-суға
Періште боп сен ылғи жебедің бе?!
Сені көргім келеді – тағы, тағы!
Ақ тілегін ақ көңіл ағытады.
Әлдебіреу қосуға құштар болып,
Әлдебіреу сыртымнан қағытады.
Сені көргім келеді –
Іздеп келіп,
Құзар шыңдар тұрса да мұз бөктеріп,
Қолың,
Көзің,
Аршын төс,
Ақ балтырың,
Көз алдымнан өтеді тізбектеліп.
Сені көргім келеді –
Түн ішінде,
(Еркіндесін ер жігіт тірісінде).
Ақ жүзіңді ардақтап сипаттауға,
Алтының да тең келмес, күмісің де!
Сені көргім келеді –
Құмар қанбай,
Айтылмаған жүректе бір ән бардай.
Ашық күнде айрылған серігінен
Мен өзімді сеземін сыңар жандай.
Сені көргім келеді –
Сенесің бе?
Көз алдымнан кетпейді елесің де.
Калып қойған секілді қайғы-мұңым
Қайырлаған Аралдың кемесінде.
Сені көргім келеді –
Бір-ақ рет!
Бір-ақ рет – өмірдің сұрағы көп.
Тарықтырып қоятын, зарықтырып
Тағдырыма налимын тұрағы жоқ.
Сені көргім келеді –
Тербел, гүлім,
Асығамын жетуге елден бұрын.
Көре алмасам қайтемін,
Көрмегенім,
Көрмегенім – ол менің өлген күнім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сені көргім келеді өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Сені көргім келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сені көргім келеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сені көргім келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері