Қожанасыр, көрші, есек туралы қазақша әзіл, анекдот

Қожанасырдың күнде әр нәрсені сұрай беретін бір көршісі бар екен. Бір күні көршісі есегін сұрап келіпті.
Сонда Қожанасыр ашуланып:
— Есек жоқ, — депті.
Көршісі кетіп бара жатқанда, қорадағы есек ақырып қоя береді.
Көршісі сонда:
— Ау, Қожанасыр, «есек жоқ» дегенің қайда? Есегің қораңда аңырап тұр ғой, — депті.
Қожанасыр оған:
— Шыншыл көршіңе сенбегенде, ақымақ есекке сеніп тұрсың ба? — депті.

Ілмектер: Қожанасыр, көрші, есек
WhatsApp Telegram

Қатысты бөлімдер:

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)



Ұқсас қазақша әзілдер