Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Әзіл, анекдоттар (1)

Білгір мен Дымбілмес емтихан тапсыруға келеді. Алдымен білгір кіреді. Оған қойылған сұрақтар:
—Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
— Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
— Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
— "Қош бол!" деп шығарып саламын.
— Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
— Татуластырып жіберемін.
— Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
— Кезекке тұрып, кезегім келгенде сүт сатып аламын.
Бұл жауаптардың бәрін Дымбілмес естіп, өзінше жаттап алады.
— Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
— "Қош бол!" деп шығарып саламын.
— Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
— "Арқан жіберіп", құтқарып қаламын.
— Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
— Кезекке тұрып, кезегім келгенде төбелесемін.
— Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
— Татуластырып жіберемін.

Ілмектер: Білгір, Дымбілмес, емтихан