Өлең, жыр, ақындар

Колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады

2019 жылдан бастап бүкіл колледж түлегі ҰБТ тапсырады. КТА деген жоқ. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыру тәртібін түсіндірді.

Түлектер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра алады: мамыр-маусым айларында (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі), наурыз, тамыз айларында (егер колледжде бітірген мамандығыңызды жалғастырмаған жағдайда).

ҰБТ-ға testcenter.kz сайтында тіркелуге болады.

НАУРЫЗ, ТАМЫЗ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҰБТ

Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз.

Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

Тест тапсырма саны — 120;
Жалпы уақыты — 4 сағат (240 минут);
Жоғары балл саны — 140.

Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, шығармашылық мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 2 пән (Қазақстан тарихы және Оқу сауаты) бойынша ҰБТ тапсырасыз.

Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді.

Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

Тест тапсырмалар саны — 30;
Жалпы уақыты — 70 минут;
Жоғары балл саны — 30.

НЕГІЗГІ ҰБТ (МАМЫР-МАУСЫМ)

Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз. ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.

Тест тапсырмалар саны — 60;
Жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут);
Жоғары балл саны — 70;
Шекті деңгей балы — 25,

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша — 35 балл.

Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз.

Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді.

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 20 минут (80 минут);

Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз.

Құжаттарыңызды жоо-ның қабылдау комиссиясына өткізесіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Тансамал

математика
казак тили
адебиет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар