Өлең, жыр, ақындар

Мен таңдаған мамандық

И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық

колледждің РС-24о тобының оқушысы Досжан Ақмарал

Жетекшісі: Молдабаева Нәзира Асылбекқызы

 

«Білім –бақтың жібермейтін  қазығы, білімсіз  бақ әлдекімнің азығы»   ( М.Әуезов )           

Профессия – латын сөзінен шыққан, «profession» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті  талап ететін еңбек қызметінің  маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай –ақ өз мамандығының 10 -20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты  сұраныс деп аталады. Өз –өзіне «Мен кіммін?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

«Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі –жар таңдау, екіншісі –мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы –адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындый болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс –табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай : «Неге арналсаң , соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға  дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамдықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамадықтар қатарына жоғарғы технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамдықтары жатады. Қоғамның дамуына  біздің өңірде, қазба байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 мың адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12% -і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан бідің болашағымыз да жастар», -деп тегіннен –тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан біз сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін өз мамадықтарымызды  дұрыс таңдап ,дұрыс игеріп өмірден өз орындары дұрыс таба білуіміз керек!

Мамандық таңдау – ол өмірлік таңдау. Өзінің қай салада қабілеттілгінің бар екенін  40  жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.

Болашақта үлкен мамандық  иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда  «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менім ойымша өте кем. Өкінішке орай, біз балалардың таңдауының ақылмен емес,біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата –анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдар мен келеді. Біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін –жаңалыққа, дербестікке  талпыныс, үшінші біреулерге –әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б.

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамадығын қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Менің таңдаған мамандығым – байланысшы болу. Қазіргі таңда байланыс саласы адамзаттың басты қажеттілігі болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтіндердің міндеті – сапалы ақпарат жеткізу. Бүгінгі күні байланысшы мамандығын таңдауда қателеспегеніме сенімдімін. Ол үшін «ең бастысы –өз кәсібіңді жан –тәніңмен сүю және бар болмысыңмен бұдан да артығырақ жасауға ықыласты болу». Білгір мамандардың қолымен көптеген станциялар мен нысандар тұрғызылып,сансыз байланыс желілері тартылған. Бұл саланың ең басты ерекшелігі –қазіргі заман талабына сай мамандық. ХХI ғасыр –технология ғасыры, оның ішінде ақпарат сипаты тым басым. Қазіргі уақытта біздің өмірімізді ақпаратсыз және байланыс құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Жаңа заман талаптары барлық ақпараттардан үздіксіз және жедел түрде хабардар болып отыруды міндеттейді. Адамдардың арқасында, ешқандай ұғымға сыймайтын идеялардың өмір шындығына айналуы мүмкін. Осы жұмыстың барлығы байланысшы маманының міндеті.

Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет – ол мінез –құлық. Адам баласы мамандық таңдауда сол мамандықтың мінезгеде сәйкес келуі міндетті деп ойлаймын. Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық. Мысалы, байланысшы мамандығына сабырлық, тиянақтылық, әріптестермен татулық, ізденімпаздық сияқты қасиеттер  жарасады. Мен өз бойымда осы қасиеттердің барына сенімдімін. Сондықтан осы мамандықты таңдадым. Менің арманым –қазіргі кезде Қазақстанның гүлденген, бүкіл әлемің назарын өзіне аударған сәтінде дамыған елдермен қарым – қатынасты одан әрі нығайта түсуде кішкене болса да өз үлесімді қосу. Мен бұл саланы –өмірлік мамандығым деп білемін.

Ж. Аймауытов айтқандай: Мамандықтық жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе  десек, Абай атамыз айтқандай  «болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

                Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін

                Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.

                Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін.

                Ақыл,сана білім мен – өнеріме сенемін.

                Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!

Егеменді еліміздің ертеңі –болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Алена

Керемет

Айкөркем

Тамаша

Тамаша

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер