«Әлеуметтік желі» ұғымы алғаш рет 1954 жылы әлеуметтанушы Джеймс Барнс енгізген. Қазіргі таңда әлеуметтік желі қолданбайтын жасты табу қиын. Көпшілігі әлеуметтік желісіз өмірін елестете алмайды, тіпті оған тәуелді болып кеткендер де аз емес. Таңертең ояна салысымен телефонға үңіліп, уақытын әлеуметтік платформаларда өткізетіндер көп. Ал бұл тәуелділіктің адамға әсері қандай?
Әлеуметтік желіде ұзақ отыру психологиялық және физикалық мәселелерге әкеледі. Ашушаңдық, ұмытшақтық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттердің пайда болуы да осыдан. Сонымен қатар, ұзақ отыру омыртқа, көз, бұлшық ет ауруларына себеп болады. Мысалы, 15 жастағы жасөспірім күніне экран алдында 4 сағат отыратын болса, физикалық белсенділікке бар болғаны 1 сағат қана уақыт бөледі.
Статистика бойынша жастардың:
• 49,2% әлеуметтік желіні күнделікті қолданады,
• 19,7% аптасына бір рет,
• 9,1% айына бір рет тексереді.
Уақытының көп бөлігін әлеуметтік желіде өткізетін жастар шынайы өмірмен байланысын әлсіретеді. Психологтардың айтуынша, әлеуметтік желідегі үздіксіз салыстыру, лайк пен пікірге тәуелді болу күйзеліс, өз-өзіне сенімсіздік және уайым тудырады. Сонымен қатар, жалған ақпарат пен интернеттегі қауіптер де жастарға кері әсер етеді.
Дегенмен, әлеуметтік желінің пайдасы да бар.
Біріншіден, уақытты үнемдейді: хабарлама жіберу үшін бұрынғыдай күндеп немесе айлап күтудің қажеті жоқ. WhatsApp, Instagram, Google сияқты қосымшалар бұл процесті бірнеше секундта шешеді. Екіншіден, қажетті ақпаратты алу үшін сыртқа шығудың немесе адамдардан сұрап жүрудің қажеттілігі жоқ — арнайы платформалар арқылы кез келген мәліметті табуға болады. Үшіншіден, өзін дамытқысы келетін жастар үшін әлеуметтік желі – үлкен мүмкіндік. Тіл үйрететін, білім беретін, жаңа дағдыларды меңгеруге көмектесетін көптеген онлайн-платформалар бар.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Сәду Жанерке
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі