Бүгінгі цифрлық дәуірде әлеуметтік желі адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл платформалар адамдарға жылдам байланыс орнатуға, ақпарат алмасуға және өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілер интернетте 1995 жылдан бастап кең тарала бастады. Дәл осы жылы алғашқы әлеуметтік желі — Classmates.com пайда болды. 2003–2004 жылдары MySpace пен Facebook жобалары іске қосылды. Бұл платформалар бірнеше миллиондаған аудиторияны өзіне тартып, жарнама саласының дамуына да үлкен әсер етті.
Жастардың 21,5%-ы әлеуметтік желілерді анда-санда қолданатынын, 9,4%-ы сирек пайдаланатынын айтқан. 1,9%-ы мүлде қолданбайды, ал 1,1%-ы нақты жауап бермеген. 2025 жылы әлем бойынша әлеуметтік желідегі белсенді қолданушылардың саны шамамен 5,42 млрд адамға жеткен. Ал Қазақстанда 15,7 миллион белсенді әлеуметтік желі қолданушысы бар. Оның ішінде TikTok — 15,7 млн, Instagram — 12,4 млн қолданушыны қамтиды.
Әлеуметтік желіні қолдану жас ерекшелігіне қарай әртүрлі:
• 14–18 жас — ойын-сауық пен трендтік контентті көбірек тұтынады;
• 19–23 жас — ақпараттық контентке басымдық береді;
• 24–28 жас — талқылауға арналған және жарнамалық контентті жиі таңдайды.
Бұдан бөлек, интернет бағасы да өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы қыркүйекте интернеттің абоненттік төлемі бір жыл ішінде 7,2% қымбаттаған. Ең көп өсім Шығыс Қазақстан (15,4%), Солтүстік Қазақстан (10,6%) және Қостанай (10,2%) облыстарында байқалған. Ең төмен өсім Павлодар, Ақтөбе және Абай облыстарында тіркелген.
Бүгінде әлеуметтік желілер арқылы ақпараттың үлкен ағыны жүріп жатыр. Бұл платформалар енді тек жаңалықтар мен пікір алмасудың алаңы ғана емес, адамның сана-сезіміне, ойлауына, шешім қабылдауына әсер ететін ортаға айналды. Бірақ ақпарат көп болған сайын — ақпараттық гигиенаның маңызы да арта түседі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бегимбаева Жамиля
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі