Өлең, жыр, ақындар

Қазақ журналистикасының қалыптасу кезеңіндегі «Садақ» газетінің маңызы

Қазақ журналистикасының қалыптасу кезеңіндегі «Садақ» газетінің маңызы

Тұрсынғазы Ұлжан Төреғазықызы

1 курс бакалавриат

Алматы қаласы, Тұран Университеті

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада «Садақ» газетінің қазақ баспасөз тарихындағы орны, идеялық

бағыты, тақырыптық ауқымы және ұлттық сана қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Басылымның ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси жағдаймен байланысы, ағартушылық

сипаты және қазақ зиялыларының қызметімен сабақтастығы талданады. Сонымен қатар

газет материалдарының тілдік-стильдік ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан сараланады.

Кілт сөздер: «Садақ» газеті, қазақ баспасөзі, ұлттық сана, Алаш қозғалысы, публицистика,

ағартушылық бағыт, ХХ ғасыр басы.

Аннотация

В данной научной статье рассматривается место газеты «Садақ» в истории казахской

национальной прессы, её идейное направление, тематический охват и роль в

формировании общественного сознания. Анализируется связь издания с общественно-

политической ситуацией начала ХХ века, просветительская направленность и деятельность

казахской интеллигенции. Также даётся научная характеристика языковых и

публицистических особенностей материалов газеты.

Ключевые слова: газета «Садақ», казахская пресса, национальное сознание, движение

Алаш, публицистика, просветительство, начало ХХ века.

Abstract

This scientific article examines the role and significance of the newspaper “Sadaq” in the history

of Kazakh national press. The ideological orientation, thematic scope, and contribution to the

formation of national consciousness are analyzed. The publication is studied in the context of the

socio-political situation of the early 20th century and the activities of Kazakh intellectuals. The

linguistic and stylistic features of the newspaper’s journalistic materials are also discussed.

Keywords: “Sadaq” newspaper, Kazakh press, national consciousness, Alash movement,

journalism, enlightenment, early 20th century.

Кіріспе

Қазақ баспасөзінің тарихы ұлттың рухани және саяси дамуымен тығыз байланысты. ХХ

ғасырдың басында жарық көрген мерзімді басылымдар қазақ қоғамында жаңғыру үдерісін

жеделдетті. Солардың бірі – «Садақ» газеті. Бұл басылым ұлттық мүддені көтерген,

ағартушылық идеяларды насихаттаған маңызды ақпарат көзі болды.Газеттің тарихи негізі

«Садақ» газеті ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында жарық көрген басылымдардың

қатарында болды. Бұл кезеңде қазақ даласында ұлттық мүдде, оқу-ағарту, жер мәселесі, тіл

тағдыры сияқты өзекті тақырыптар көтерілді.

Газет жайлы:

«Садақ» журналы алғаш жарық көрген кезде, «Қазақ» газетін үлгі тұтып,

ұлтшылдық бағытты ұстанғаны байқалады. Бұл туралы ғалым Қайыржан

Бекхожин: « «Садақ» журналы Уфа қаласында шығып тұрды. Сондағы Ғалия

медресесінде оқитын қазақ жастары Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға жете

қанық болып отырған жоқ. Оның үстіне ол дәуірде шығып тұрған

алашордашылардың «Қазақ» газеті және басқа сондай баспасөз органдары олардың

басын ұлтшылдықпен уландырды. Жалпы ұлт-азаттық қозғалысымен рухтанған

Ғалия шәкірттері қазақ ұлтшылдарының буржуазиялық ұлт автономиясын құрмақ

болғанын жақтап қателесті»[10, 107-б], - деп көрсетеді. Әрине кешегі Кеңес

кезеңіндегі қате деген жолдың енді дұрыс болғанын, тіпті дұрыс қана емес ең озық

жол болғанын өткен тарауда айтып кеттік. Олай болса, «Садақты» шығарушы

жастардың да қателеспегені анық. «Садақта» саяси мәндегі мақалалар негізінен

жарық көрмеген. Көбінесе әдеби шығармалар, әдеби сындар, өлеңдер жарық

көрген.

«Садақтың» 1- санынан бастап, соңғы 15-санына дейінгі аралықта екі жыл

қатарынан новелла тәрізді қысқа әңгімелер, көлемді повестер, очерктер, ысқақ,

этюдтар, жас ақындардың өлеңдері, сын пікірлер, қазақтың ауыз әдебиетінің

нұсқалары молынан жарияланған. Бұған себеп журнал редакторы Ж.Тілепбергенов

авторларға талап қоя білгіш, іскер басшы болған. Ол материялдармен мұқият

танысып шыққан соң, құнсыздарын ешкімнің көңіліне қарамай, авторларына

қайтарып беріп отырған. Мысалы, ол бір авторға: «көп ойланып жазсаңыз да,

сөзіңізде көрініп тұрған кемшілік бар. Келісті сөздер жазсаңыз, келесі санға

кіргізерміз» десе, «Ертеңгі жазушыларға да» «Еріккенге ермек деп, елдегі жоқты

жаза бермеңіз» деп ескерту жасаған.

Бұл қолжазбаның қазақ елінде емес, Уфа қаласында шығып тұруы, әрине, ондағы

Ғалия медресесінде оқитын қазақ жастарына елдегі болып жатқан түрлі

оқиғалардан толық мағлұмат бере алмады, алайда олар халықтық бағыт ұстанған

партиялар мен осы партиялардың «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа» сияқты

органдарының оң істерінен хабардар етті.Идеялық бағыты және мазмұны

Газеттің негізгі бағыты – ағартушылық және ұлттық жаңғыру. Басылым беттерінде білім

беру, әлеуметтік теңсіздік, мәдениет, тіл және қоғамдық мәселелер кеңінен қозғалды. Газет

авторлары халықты білімге, бірлікке және белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.

Журналдың бағыты мәдени-ағартушылық сипатта болды.[1] Негізінен мынадай

құрылымнан тұрды: 1) бас сөз (әдебиет жыры, сөздері); 2) роман (оқиға, қиял); 3) халық

көркем сөзі (ертегі, тақпақ, би сөздері, жұмбақ, мақал); 4) күлкі; 5) өлең(жазба өлең, халық

өлеңдері); 6) ішкі, тысқы хабарлар һәм басқалар. “Садақта” новелла тәрізді қысқа

әңгімелер, көлемді повестер, очерктер, сықақ этюдтер, жас ақындардың өлеңдері, сын

пікірлер, қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары жарияланған. [2]

Тілдік-стильдік ерекшеліктері

Газет материалдары публицистикалық стильде жазылды. Онда эмоциялық-экспрессивтік

бояу, риторикалық сұрақтар, үндеу формалары кең қолданылды. Бұл басылымның

қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлін күшейтті.

Садақ газетінің символдық мәні

Оқ – сөздің метафорасы.

Публицистикада «өткір сөз», «ащы сын», «тура айтылған пікір» деген тіркестер бар. Бұл да

оқтың қасиеттеріне ұқсайды: тез жетеді, әсер қалдырады, нысанаға тиеді. Яғни, «Садақ»

газеті – сөз арқылы “оқ ататын, яғни қоғамдық пікірге ықпал ететін құрал деген идеяны

білдіреді.Қорытынды

«Садақ» газеті қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасу кезеңіндегі маңызды басылымдардың

бірі болды. Ол ұлттық сана мен қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосты және ХХ

ғасыр басындағы қазақ публицистикасының маңызды дереккөзі болып табылады.

Журналда Б.Майлин, Ж.Тілепбергенұлы, Х.Сартәлиұлы, З.Имажанұлы, Ә.Мұстафаұлы,

А.Әшкеұлы, Х.Басымұлы т.б. авторлардың материалдары жарық көрген. Журнал мақсаты -

жастарды жаңа әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру,

жауапкершілікті арттыру еді. [3]

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары.

2. Сыздық Р. Сөз мәдениеті.

3. Қазақ баспасөзінің тарихы туралы ғылыми зерттеулер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз