Өлең, жыр, ақындар

saliharslan

  • Ұпайы: 49
  • Тіркелген уақыты: 09.09.2022 02:14
  • Соңғы кірген уақыты: 21.01.2025 15:01
  • Аты-жөні: Ізгілік Еленов
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер Ұлағатты сөздер

Балауса қыз

Аязда көрдім суық жүзіңді,
Ерекше қара тұнық көзіңді,
Алдымнан өтіп жымиғанда,
Реңсіз ай секілді көрінді.

Толық

Сен

Сезіміңді жасырма,
Сынға толы ғасырда,
Өзгелерден сұрауға
Бақытың да қасында.

Толық

Тәңірді қайда деген сұраққа

Пайғамбары не кітабы жоқ,
Ел ішіне ылаң салады көп,
Қастығын қоса ойлаған
Бақсылар дейді шаруасы көп.

Толық

Дін келгенде

Он жыл бұрын өткен-ді,
Далама қара өрт келді,
Алысқанды, жұлысқанды
Қазағым бүгін өткерді.

Толық

Жұлдызым

Жұлдызым бар таңдаған,
Өзі құдды бір ғалам.
Жаралы жүрек ғазалы,
Қайта-қайта тырнаған.

Толық

Анау бөлмеде. 4-бөлім.

Жан-жарыма бұл жайлы,
Жақ ашпауды ұйғардым.
Естіп қалса бұндайды,
Бәрібір мені тыңдар кім.

Толық

Анау бөлмеде. 3-бөлім.

Көп ойландым бұнда да,
Не айтамын енді деп.
Тез арада жаптым да,
Қол-аяғым дірілдеп.

Толық

Анау бөлмеде. 2-бөлім.

Отбасыммен бір түнді,
Бірге өткізу де біртүрлі,
Әркім келсе ұнамайды
Бұзып кетсе көңілімді.

Толық

Анау бөлмеде. 1-бөлім.

Қоңыраулы есікті,
Тарс-тарс ұрды біреу.
Ойлап қалсақ не есі,
Дұрыс емес кем біреу.

Толық

Тыңдадың ба пақырды?

Өлеңдерім түрлі мәнде астасады,
Махаббат, арман, тақырып сан алуан,
Барлығы бір шумақта бас қосады,
Күш сынасып үздігі деп қай палуан.

Толық

Аламун еліндегі шайқас

Бәрқубйә аталмыш,
Теріскейде құм жатыр.
Бұл шөлейттің бетінде,
Құпия толы сыр жатыр.

Толық

Махаббат жайында

Қалам алып кешкісін,
Махаббат жайлы ой шалдым.
Сезімнің алуан түрлісін,
Үшке бөліп шығардым.

Толық

Өмірің қайтіп өзгерер

Өмірдің мынау тұз-дәмі,
Адамның еккен өз дәні,
Ақыл мен сезім олжаны
Бірге тапса сол мәні.

Толық

Ақ арман

Ол арам ба, бұл адал ма?
Сан түрлі сұрақ қой бұл маралға!
Адалы ғұсман, арамы ұждан —
Ақ арманы жоқ адамға!

Толық

Күз

Күңіренген күз келді,
Күрең сары-қызылға
Жасыл ағаш түрленді.
Жүз құбылтып бір түсті,

Толық