Тарих саясатқа тәуелді, саясат уақытқа тәуелді. Тарих ешқашан саясаттың алдына шыға алмайды, дәл солай саясат та уақыттан озбайды. Саясат адамның тағдырынан әлдеқашан дүниеге келеді. Ілмектер: тарих, саясат, уақыт Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Тарих саясатқа тәуелді, саясат уақытқа тәуелді. Тарих ешқашан саясаттың алдына шыға алмайды, дәл солай саясат та уақыттан озбайды. Саясат адамның тағдырынан әлдеқашан дүниеге келеді.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. — Бауыржан Момышұлы ана, тіл
Сөздің ең ұлысы – тарих. — Ахмет Байтұрсынұлы тарих, сөз
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. — Мағжан Жұмабаев ұлт, тіл
Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек. — Нұрсұлтан Назарбаев Тарих, болашақ
Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. — Міржақып Дулатұлы Тарих, халық
Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды. — Шерхан Мұртаза ана тілі, тіл
Халық бүлінсе - саясат түзейді. — Жүсіп Баласағұни халық, саясат
Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады. — Наполеон Бонапарт саясат, жүрек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі