Өлең, жыр, ақындар

Студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі

Ашық нормативтік-құқықтық актілердің жобалары порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

Онда шәкіртақы 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өсетіні, 2025 жылы 1 қыркүйектен бастап тағы да арта түсетіні көрсетілген. Осылайша, 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап:

— жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;

— жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;

— интерндер – 85 376 теңге;

— ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;

— «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;

— «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;

— «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;

— Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;

— Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;

— Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге стипендия алады деп жоспарланып отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Амин Несипбекова

Өте жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар