Жазушының міндеті: алда жүру жəне өзінің жаңа əсерлерін оқырмандарымен бөлісіп отыру. Ілмектер: жазушы, міндет, оқырман, әсер Лев Шестов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жазушының міндеті: алда жүру жəне өзінің жаңа əсерлерін оқырмандарымен бөлісіп отыру.
Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі. — Ыбырай Жақаев табиғат, міндет
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, міндет
Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек. — Ғани Мұратбаев жастар, міндет
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. — Ахмет Байтұрсынұлы сөз, сын
Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау. — Мария Монтессори бала, өмір
Жақсы адам жаман жазушы болуы мүмкін, бірақ жаман адам жақсы жазушы бола алмайды. — Мұхтар Мағауин жазушы, адам
Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді. — Әбіш Кекілбаев жаңалық, ғылым
Мұғалім ең жауапты міндет орындайды - ол адамды қалыптастырады. — Михаил Иванович Калинин мұғалім, міндет
Хабарлама
INFO
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі