Сегіз аяқ
Бұл бетте «Сегіз аяқ» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған —
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра1 ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде.
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін
Деп насихат бергенде,
Ұятсыз, арсыз салтынан,
Қалғып кетер артынан.
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге.
Пайдасыз тақыл —
Байлаусыз ақыл,
Атадан бала ойы өзге.
Санасыз, ойсыз, жарым ес,
Өз ойында ар емес.
Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны.
Күпілдек мақтан.
Табытын қаққан2 —
Аңдығаны, баққаны.
Ынсап, ұят, терең ой
Ойлаған жан жоқ, жауып қой.
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей —
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық
Құрысын, көзің ашылмас.
Ұятың, арың оянсын,
Бұл сөзімді ойлансын.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой.
Жұмыссыз сандал,
Еріксіз малды ал
Деген кім бар сендерге?
Қулықты көргіш,
Сұмдықты білгіш
Табылар кісі жөн дерге.
Үш-төрт жылғы әдетің
Өзіңе болар жендетің.
Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды.
Сүйеніп күлкі тоқтыққа,
Тартыпты өнер жоқтыққа.
Қайратым мәлім,
Келмейді әлім,
Мақсұт – алыс, өмір – шақ.
Өткен соң базар,
Қайтқан соң ажар,
Не болады құр қожақ?!
Кеш деп қайтар жол емес,
Жол азығым мол емес.
Бір кісі мыңға,
Жөн кісі сұмға,
Әлі жетер заман жоқ.
Қадірлі басым,
Қайратты жасым
Айғаймен кетті, амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір.
Сөзуар білгіш,
Законшік, көргіш,
Атанбақ – мақсұт, мақтанбақ.
Жасқанып, қорқып,
Жорғалап, жортып,
Именсе елің, баптанбақ.
Қарғағанын жер қылмақ,
Алдағанын зор қылмақ.
Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, айтып бер.
Ел аңдып сені,
Сен аңдып оны,
Қылт еткізбей бағып көр.
Ойнасшыл қатын болса қар,
Аңдыған ерде қала ма ар?
Көмексіз көзің,
Бір жалғыз өзің
Баға алмай, басың сандалар.
Бауырыңа тартқан,
Сырыңды айтқан
Сырласың сырт айналар.
Ол қаны бұзық ұры-қар,
Қапысын тауып сені алар.
Басы-көзі қан боп,
Арқа-басы шаң боп,
Және тұрып жалпылдап;
Жығылып тұрып,
Буыны құрып,
Тағы қуып салпылдап —
Абұйыр қайда, ар қайда?
Әз басыңа не пайда?
Ит үрсе, бала
Таяғын ала,
Қуады итпен кектесіп.
Ұрысқансып "ой" деп,
"Ұят" деп, "қой" деп,
Үлкендер тыяр "тек" десіп.
Оны білсең, мұның не?
Мен де ұят іс қылдым де.
Білгенге жол бос,
Болсайшы қол бос,
Талаптың дәмін татуға.
Білмеген соқыр,
Қайғысыз отыр,
Тамағы тойса жатуға.
Не ол емес, бұл емес,
Менің де күнім – күн емес.
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсін бұйрығың.
Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Естісем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып.
Баяғы жартас – бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.
Жаяуы қапты,
Аттысы шапты,
Қайрылып сөзді кім ұқсын.
Іште дерт қалың,
Ауыздан жалын
Бұрқ етіп, көзден жас шықсын.
Күйдірген соң шыдатпай,
Қоя ма екен жылатпай?
Мамықтан төсек,
Тастай боп кесек,
Жамбасқа батар, ұйқы жоқ.
Сыбыр боп сөзі,
Мәз болып өзі,
Ойланар елдің сиқы жоқ.
Баяғы қулық, бір алдау,
Қысылған жерде – жан жалдау.
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным
1 Бәһра (парсыша) – пайда, білімнен үлес.
2 Табытын қаққан – Кісі өлімі сирей бастаса, мешіттің ашкез, надан мәзендері мешіт қоймасында тұратын өлген адамды салып шығаратын табытты таяқпен қағып, өлім шақыратын жаман әдеті болған. Ақын соны ауыспалы мағынасында қолданған.
Абай олендери жаухар тас
маскара мынаны жаттву керек
Градациясы бар Абай олендери срочна керек еди
жатта Жасмин жаман болмайсың
Массаган мынаны жаттау керек
мынаны абайдын 175 жылдыгына жаттау керек
надан туралы 20 аятты өлең жазу үшін қандай адам болу керек
Сегіз аяқ өлеңі туралы ұлы тұлғалардың айтқан сөздері барма
Маған унады кушті
Керемет жазылған өлең.
Жақсы, керемет
Абай Құнанбайұлының Сегіз аяқ атты өлеңі өте мағыналы екен
Супер
Керемет өлең
Абай өлеңдері - тұнып тұрған философия! Өзге ақын ұмыт болса да, Абай әр қазақтың жүрегінде сақталып қалады! Абай - менің өмірден Темірқазығым ! Абай кітабы - менің қолдан түспес қойын кітабым. Жастар , Абайды оқыңдар, Абайды таныңдар. Абай арқылы осы өмірді танисыңдар ! АБАЙ - ҚҰДАЙДЫҢ ҚАЗАҚҚА БЕРГЕН СЫЙЫ ! АБАЙ - ДАРИЯ ДАНЫШПАН !
Өте керемет
Өте жақсы өлең
..б..б...
Р. Р
Керемет емес арине но жазылу крутяякк
:₽
=p
Екарный бабай осыны ертеңге дейін жаттау керек
¡
дурыстап окы олжас
адададададададада
ептваямайт оким деп аузым ауырып кетты
2009 перваштар силааа
Кім жазған щ
Өте керемет
Керемет өлең!
Керемет
Шаршадым
Бека окы нах
керемет
Мен сені ұнататын секілдімін, саған айтатын болсам да ұяламын, мен саған ұнамаймын ба деп қорқамын. Өтініш осыны оқып отырсаң, лс шықшы. 10 сыныптағы А есімді қыз, Б есімді ұлға.
Өте жақсы маған ұнады
Жатта Қарақат, уәххәхә
Сыныптағы сыныптасыма сезімімді қалай білдірсе болады??
Мына өлеңді жаттамасақ апай тоқсандыққа 3 қойат. Жаттасаң да бәле жаттамасаң да бәле
Керемет жазылыпты
Мынаны жаттау қыиынғо
неге 8-12 тармак жаттауга берди? абай кунанбаев нига
мыкты
азиз тусинип окысай апайды қақсатпай
Мағыналы
ЕРАСЫЛ ОҚЫ
Бұл өлеңді салғанына 10 жыл болыпты
10 жыл болган екен осы өлеңді салғанына
3 куплет бар сосн махау махау
3куплет жаттайи сосн махау махау
Отттте
Ина жатта ертең айтасын
күшті
Қалай ойлайсыңдар?жаттасам нешінші орын алам?????
Тамаша! Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңі – қазақ даналығының жарқын үлгісі. Надандарға арзан, білгенге маржан деген сөз өнерінің құнын көрсетеді. Еңбек, ұят, ынсап, татулық туралы ойлары мәңгілік. Қазақ әдебиетіне қызығатындарға міндетті түрде оқу керек, әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор!
Абай Құнанбайұлының «Сегізаяқ» өлеңі — көркемдік пен терең ойдың тоғысқан поэтикалық туындысы. Бұл шығармасында ақын білім мен еңбек, адамгершілік пен даналық туралы маңызды ойларды әсерлі тілмен жеткізеді. Әр жолда адам бойындағы ізденіс пен ұстанымның маңызы айқын көрініс табады, бұл өлең қазақ әдебиетінің рухани байлығын танытады.
Абайдың «Сегіз аяқ» — халқымыздың рухани байлығы, әр жолы терең мағыналы даналыққа толы өлең. Бұл шығармасында ақын ар-ұят, еңбек, білім, ой мен мінез жайлы өз ойларын шынайы шегелеп жеткізеді. Абай поэзиясы әрқашан адамның рухани дамуын, әдептілікті, ойлы өмірді насихаттаған, ал «Сегіз аяқ» — сол философиялық ой-тәлімнің айқын көрінісі. Бүгінгі қоғамда осындай терең мазмұнды туындыларды оқу — бізге тек эстетикалық ләззат қана емес, сонымен бірге өзімізді жетілдіруге, адамгершілікке шақыратын маңызды сабақ.
Қазақ әдебиеті мен Абайдың поэзия мұрасы үшін бұл өлең классика ретінде жоғары бағаланады.
Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңін bilim-all.kz сайтынан қайта оқып шықтым — бойым шымырлап, қаным қайнады! Ұлы Абайдың даналығы осы бір қысқа да мәнді өлеңде айқын көрінеді: «Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған» деген жолдарды оқығанда надандық пен жалқаулыққа қарсы тұрған қайраттың күшін сезінесің.
Имба
Керемет өлең!
Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңі қазақ поэзиясының классикалық үлгісі ретінде оқырманға ұлттық тілдің көркемдігін, ойдың тереңдігін және өмірлік мән‑мағынаны сезіндіреді. Бұл шығармада ақын халықтың тіршілік тәжірибесін, даналықты және адам болмысын шебер суреттейді.
Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» өлеңін оқып шықтым. Өмірдің мәні, еңбек, білім, ұят пен адамгершілік туралы терең ойлар жүрекке жетеді. Әсіресе «Толғауы тоқсан қызыл тіл» деген жолдары әлі күнге дейін өзекті.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі – өте терең мағыналы шығарма. Әр жолында еңбек, білім, адамгершілік туралы үлкен ой жатыр. Осындай классикалық қазақ өлеңдерін оқу адамның ой-санасын дамытып, рухани жағынан байытады.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі өте терең мағыналы, тәрбиелік мәні жоғары шығарма екен. Бұл өлеңде адамгершілік, білім және ойлану сияқты маңызды құндылықтар жақсы жеткізілген . Осындай қазақтың классикалық өлеңдерін балаларға оқыту – дұрыс бағыт берудің ең тиімді жолы.
Керемет
Керемет күшті ұнады маған
керемет өте керемет жазылған қате бар сөздерде
Абай Құнанбайұлы атамыздың осы "Сегіз аяқ" шығармасына таң қаламын. Қалай әдемі жазылған өлең!
3 кунде15 шумак
жаттадым
Бұл өлеңде Абай қоғамдағы ең үлкен мәселені — жалқаулық пен надандықты қатты сынайды. Адамның өзгеруі керек екенін ашық айтады. Мағынасы өте терең.
Абай бұл жерде адам бойындағы жалқаулық пен надандықты қатты сынайды. Сол себепті өлең бүгінгі күнге де жақын.