Әр түрлі жұмбақтар

Бұл бөлімде Әр түрлі жұмбақтар бойынша қазақша жұмбақтар жинақталған. Қызықты және танымдық сұрақтар берілген. Әр жұмбақтың жауабы бірге көрсетілген. Мұндай тапсырмалар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.


Күнделікті өмір мен табиғат туралы жұмбақтар
(Жауаптары төменде)
──────── 1 ────────
Төрт аты бар,
Төрт пілі бар.
Шайқас алаңын
Біліп ал.

──────── 2 ────────
Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты.

──────── 3 ────────
Үйімізде салбырап
Ақ алмұрт тұр албырап.

──────── 4 ────────
Құлағында – құлағым
Аузында – аузым.
Күнде естіп тұрамын
Жолдасымның даусын.

──────── 5 ────────
Қағып-қағып қаласың,
Қосасың,
Аласың.

──────── 6 ────────
Мұхитта ұзын бір
Фонтан жүзіп жүр.

──────── 7 ────────
Он-он бесі жиылды,
Бір белдікпен буылды.

──────── 8 ────────
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде.

──────── 9 ────────
Ол өсіп әуре,
Ел кесіп әуре.

──────── 10 ────────
Үй ішінде
Ауық-ауық
Тұрады бір
Жаңбыр жауып.

──────── 11 ────────
Жиырма төрт батыр,
Бір-бірін жеп жатыр.

──────── 12 ────────
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан.

──────── 13 ────────
Күнімен, түнімен
Көшіп жүр үйімен.

──────── 14 ────────
Кездеспейді екеуі,
Көк аспанда мекені.

1 — Шахмат, 2 — Самолет, 3 — Электр шамы, 4 — Телефон, 5 — Есеп шоты, 6 — Кит, 7 — Сыпыртқы, 8 — Апорт, 9 — Шаш, 10 — Душ, 11 — Дойбы, 12 — Қайшы, 13 — Тасбақа, 14 — Ай мен Күн


Балаларға арналған жұмбақтар (жауаптары төменде)


──────── 1 ────────
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады

──────── 2 ────────
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді

──────── 3 ────────
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр

──────── 4 ────────
Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті

──────── 5 ────────
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді

──────── 6 ────────
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям

──────── 7 ────────
Ағайынды бәрі:
Шықса – көк,
Түссе – сары

──────── 8 ────────
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл

──────── 9 ────────
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама

──────── 10 ────────
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі

──────── 11 ────────
Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп,
Қағазды жеп қояды

──────── 12 ────────
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат

──────── 13 ────────
Бұтағында азығы,
Ортасында қазығы

──────── 14 ────────
Ақ құман жүр жүзіп,
Су бетін сүзіп

──────── 15 ────────
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған

──────── 16 ────────
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы

──────── 17 ────────
Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап

──────── 18 ────────
Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі

──────── 19 ────────
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ

──────── 20 ────────
Бір-ақ сөз біледі,
Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді,
Және жоқ қонысы

──────── 21 ────────
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт

──────── 22 ────────
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды

──────── 23 ────────
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз

──────── 24 ────────
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды

──────── 25 ────────
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп

──────── 26 ────────
Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді

──────── 27 ────────
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас

──────── 28 ────────
Дәмін татсаң – тәтті-ақ,
Түсін көрсең – әппақ

──────── 29 ────────
Тырау-тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам, сорпасы адал

──────── 30 ────────
Қолы бар, саусағы жоқ,
Мойны бар, басы жоқ
──────── 31 ────────
Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп

──────── 32 ────────
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың

──────── 33 ────────
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады

──────── 34 ────────
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр

──────── 35 ────────
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды

──────── 36 ────────
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты

──────── 37 ────────
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады

──────── 38 ────────
Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге

──────── 39 ────────
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі

──────── 40 ────────
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым

──────── 41 ────────
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап

──────── 42 ────────
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді

──────── 43 ────────
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Тура сенің өзіңе

──────── 44 ────────
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр

──────── 45 ────────
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін

──────── 46 ────────
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің

──────── 47 ────────
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан

──────── 48 ────────
Далада жүр шапқылап,
Керемет бір саққұлақ

──────── 49 ────────
Түрі – жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі

──────── 50 ────────
Аяғы бар, басы бар,
Арқасында тасы бар

──────── 51 ────────
Орманда оның тұрағы,
Тоқ-тоқ етіп тұрады

──────── 52 ────────
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен

──────── 53 ────────
Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді

──────── 54 ────────
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар

1 Жуа, 2 Орамжапырақ, 3 Қызылша, 4 Қарбыз, 5 Қауын, 6 Қияр, 7 Жапырақтар, 8 Ұстаз, 9 Кітап, 10 Қарындаш, 11 Қайшы, 12 Сағат, 13 Алма, 14 Аққу, 15 Бор, 16 Мектеп, 17 Әліппе, 18 Құмырсқа, 19 Мысық, 20 Көкек, 21 Көгершін, 22 Ағаш, 23 Зымыран, 24 Ұшақ, 25 Поезд, 26 Троллейбус, 27 Нан, 28 Қант, 29 Аралар, 30 Көйлек, 31 Домбыра, 32 Жаңбыр, 33 Күн, 34 Найзағай, 35 Кемпірқосақ, 36 Аяз, 37 Сабын, 38 Ай, 39 Бұлақ, 40 Шаңғы, 41 Доп, 42 Шар, 43 Айна, 44 Бағдаршам, 45 Көз, 46 Телефон, 47 Аю, 48 Қоян, 49 Зебра, 50 Тасбақа, 51 Тоқылдақ, 52 Ешкі, 53 Түйе, 54 Сиыр


Балаларға арналған жұмбақтар - әр бүлдіршіннің дамуының ажырамас элементі. Дәл осы кішкентай және көңілді өлеңдер баланың логикалық ойлау қабілеті мен зейінін дамытуға көмектеседі. Көптеген жылдар бойы белсенді шығармашылық қызмет барысында Мұзафар Әлімбаев көптеген өлеңдер жазды. Біз сізге олардың кейбірімен танысуды ұсынамыз. (жауаптары төменде)

──────── 1 ────────
Көкала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді

──────── 2 ────────
Көлігі жоқ – көшеді,
Өзін кезбе деседі

──────── 3 ────────
Жіппен келеді,
Үзсең сөнеді

──────── 4 ────────
Жүз төрт түйме,
Он бір ине

──────── 5 ────────
Жауып алсам қақпамды,
Орнатамын ақпанды.
Ашық қойсам қақпамды,
Дей бер шілде боп қалды

──────── 6 ────────
Аузы бар, ішіп-жемейді,
Алайда жұртқа «же!» дейді

──────── 7 ────────
Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас

──────── 8 ────────
Денесі жоқ, тілі жоқ,
Қайталайтын үні көп

──────── 9 ────────
Қаласы бар, үйі жоқ,
Өзені бар, суы жоқ.
Орманы бар, бүрі жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ

──────── 10 ────────
Қос құлақ тұтас біткен тым көрікті,
Айрылмай бір-бірінен күн көріпті.
Біреуі тыңдап, бірі сөйлейді екен,
Құлақтың тіл қатқанын кім көріпті?!

──────── 11 ────────
Екеуі басып тұрар,
Екеуі қашып тұрар

──────── 12 ────────
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім

──────── 13 ────────
Жүргізуші қыз:
Су ішінде өскен тау,
Су бетінде көшкен тау

──────── 14 ────────
Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді-өзіңе

──────── 15 ────────
Ешкім ілмеген шымылдық,
Көкжиекте көлбейді.
Бүктеуіңе көнбейді,
Сипауға да келмейді

──────── 16 ────────
Төңкерілмейтін күбі,
Көтерілмейтін күбі.
Шүпілдеп-ақ тұрса да,
Көрінеді түбі

──────── 17 ────────
Тұрады көтеріп
Жеңілі ауырды…
Ғұмыры өтеді
Қарық қып қауымды

──────── 18 ────────
Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ілби басқан ыбылжып,
Ұшына шықпас жалғанда

──────── 19 ────────
Күндіз құшақтайды,
Кешке жырақтайды

──────── 20 ────────
Әмияны ашылады,
Алтын – зері шашылады

──────── 21 ────────
Желден жынданады,
Судан жым болады

──────── 22 ────────
Өзі селдір,
Өзі желбір

──────── 23 ────────
Он өзі бар
Қобдишам сөзуар.
Тетігін бұрасаң,
Тіл қатар кезі бар

──────── 24 ────────
Туған күнгі таңбаң
Ғұмыры өшпей қалған

──────── 25 ────────
Аяғы аттап баспайды,
Тағы сүйрей бастайды

──────── 26 ────────
Инесі жоқ, жібі жоқ
Шілтер тоқыр, міні жоқ

──────── 27 ────────
Қабырғасыз сөрені,
Халық күнде көреді

──────── 28 ────────
Жаны бар тізбек тебен,
Кім бәрін тізбектеген

──────── 29 ────────
Түрткілейді төбемнен,
Төпелеуге көнем мен
Түрткен сайын сүңгимін:
Бір-ақ шығып тереңнен

──────── 30 ────────
Кеудесі жоқ – күркірейді,
Қолдары жоқ – сілкілейді

1 Қарбыз, 2 Бұлт, 3 Электр тогы, 4 Есепшот, 5 Тоңазытқыш, 6 Қасық, 7 Сыпырғы, 8 Жаңғырық, 9 Географиялық карта, 10 Телефон трубкасы, 11 Малдың төрт аяғы, 12 Жол, 13 Айсберг, 14 Айна, 15 Сағым, 16 Құдық, 17 Ошақ пен қазан, 18 Жол, 19 Белбеу, 20 Ауыз бен сөз, 21 От, 22 Терезе пердесі, 23 Телефон, 24 Кіндік, 25 Шалғы, 26 Өрмекші, 27 Көк күмбезі, 28 Кірпі, 29 Оймақ пен ине, 30 Дауыл

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.