Күнделікті өмір мен табиғат туралы жұмбақтар туралы жұмбақ жауабымен


Күнделікті өмір мен табиғат туралы жұмбақтар
(Жауаптары төменде)
──────── 1 ────────
Төрт аты бар,
Төрт пілі бар.
Шайқас алаңын
Біліп ал.

──────── 2 ────────
Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты.

──────── 3 ────────
Үйімізде салбырап
Ақ алмұрт тұр албырап.

──────── 4 ────────
Құлағында – құлағым
Аузында – аузым.
Күнде естіп тұрамын
Жолдасымның даусын.

──────── 5 ────────
Қағып-қағып қаласың,
Қосасың,
Аласың.

──────── 6 ────────
Мұхитта ұзын бір
Фонтан жүзіп жүр.

──────── 7 ────────
Он-он бесі жиылды,
Бір белдікпен буылды.

──────── 8 ────────
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде.

──────── 9 ────────
Ол өсіп әуре,
Ел кесіп әуре.

──────── 10 ────────
Үй ішінде
Ауық-ауық
Тұрады бір
Жаңбыр жауып.

──────── 11 ────────
Жиырма төрт батыр,
Бір-бірін жеп жатыр.

──────── 12 ────────
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан.

──────── 13 ────────
Күнімен, түнімен
Көшіп жүр үйімен.

──────── 14 ────────
Кездеспейді екеуі,
Көк аспанда мекені.

1 — Шахмат, 2 — Самолет, 3 — Электр шамы, 4 — Телефон, 5 — Есеп шоты, 6 — Кит, 7 — Сыпыртқы, 8 — Апорт, 9 — Шаш, 10 — Душ, 11 — Дойбы, 12 — Қайшы, 13 — Тасбақа, 14 — Ай мен Күн

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Жыртылған сайын парағы,
Жұқарып өзі қалады.




Жүгірсең, жүгіріп,
Қалмайды бір елі.
Бүгілсең, бүгіліп,
Ілесіп жүреді.




Кірсең де батпақ болып,
Шығасың әппақ болып.




Жіпке байлап ұшырдым,
Жіппен тартып түсірдім.




Бір басында болса да екі құлағы,
Тек біреуі құлақ тосып тұрады.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері