Бұл бөлімде 135 жұмбақ бар.
Бұл жинақта жарық пен отқа қатысты жұмбақтар берілген. Табиғи және тұрмыстық құбылыстарды түсінуге көмектеседі.
Торсылдақты іліп ем,
Жадыратты нұрымен.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Түнді тілсе қақ жарып,
Жер де, көк те жап-жарық.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Кішкентай күн үй ішінде
Жарқырайды түн ішінде.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жатыр бәрі қатарда
Толтырып бір қораны.
Мылтықтарын атарда,
Басын бір-бір соғады.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бұдыры жоқ бетінің,
Кетігі жоқ шетінің.
Жарқырайды күндіз-түн,
Ашып қалсаң тетігін.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Көмір, ағаш,тезекше,
Тамыздықпен жанбайды.
Жасылданып ерекше,
Түртіп қалсаң лаулайды.
Түтіні жоқ, маздайды,
Бір қалыптан жазбайды.
Дағдылансаң, ас-суың,
Онсыз дайын болмайды.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Ұзын-ұзын арқаным,
Үй-үйлерге тартамын.
Үзігіңді жалаңаш,
Ұстай алмай – қорқамын.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Аспанда ай мен күндей «қалқымайды»,
Жел тисе жанған отша шалқымайды.
Жатса да ұзын арқан өзегінде,
Лап етіп барған жері жарқырайды.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жанса да айлап, жылдап балқымайды,
Тисе де қол-аяқты шарпымайды.
Өшпейді су құйсаң да оңайлықпен
Жел түгіл, боран шықса шалқымайды.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Ол жұмса көзін,
Ұйқтаймын өзім.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жана-жана түнде,
Таусылды ол мүлде.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Сені қуантып,
Ақ нұрға шылап,
Өзі күйініп,
Тұрады жылап.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қабырғасы шойыннан,
Омыртқасы шойыннан
Жылыту үшін бөлмені
Үй ішіне қойылған.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қара үңгірде қара тас,
Жанғанда бетті қаратпас.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қарынды, баста қылған, аяғы үш,
Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті,
Қарнына таяқ тығып піспектесең,
Ысқырып күрілдейді қайнайды күш.
Осындай түсі суық мақұлық бар,
Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Көмір шайнап,
Темір құсады.
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Тетіктерін бір бассаң,
Қараңғыға нұр шашқан.
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
От қойсаң — жалын шығар,
Бос қойсаң — жаның шығар.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қабырғаға қасынар,
Былғауыш басы бар.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үй үстінен
Көкке өрлеп шығады,
Әуе ішінен,
Із-тұз жоқ боп тынады.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Шудалары желпеңдеп,
Үйден шығып жатады,
Көкке өрлейді көлбеңдеп,
Бұлт болып батады.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Салып ем шыны сарайды,
Тілінен жарық тарайды.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Өңеші кең,
Дәу аузымен жұтады.
Төбесі дөң,
Кіші аузымен құртады.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Құйтымдай сандықтың,
Суырмасы толып тұр,
Қажетті заты сан жұрттың.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қимылы оңдырмас,
Кішкене қоңырбас.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Түсі нарттай,
Тілін тартпай.
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жердің әрін жейді,
Жолда кезіккеннің,
Аямай бәрін жейді.
Бұл қандай алпауыт?
Айта ғой, дәл тауып?
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жүрген жерін жалмайды,
Тастан басқа қалмайды.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қып-қызыл кезінде,
Бет қаритын жапырақ,
Табы қайтқан кезінде,
Сұп-сұр майда топырақ.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі