Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде 144 жұмбақ бар.

Бұл бөлімде күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтарға қатысты жұмбақтар ұсынылған. Балалар таныс заттарды сипаттау арқылы оңай шешім таба алады. Мұндай тапсырмалар есте сақтауды жақсартады.


Төрт аяқты,
Екі құлақты,
Кеңірдегі темір,
Асы – ағаш, көмір.



Құйрығы да үзілді,
Дауысы да бұзылды.



Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.



Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.



Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.



Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.



Сүті жоқ сыңар емшек,
Сәбилер құмар емшек.



Сүңгіп жүр, жүзіп жүр:
Судан дәм сүзіп жүр.



Түгел айтсақ не барын:
Төрт құлақ та бір қарын.



Дос үйіне түстің бе?—
Түгел соның үстінде.



Темір де, ағаш та емес,
Ыдыс, су құяды.
Шөлдерде қатады ес,
Мол су сияды.



Қос құлақты ыдыс,
Тоқылады жүннен.
Ақ дәм, азық, дән салып,
Бабалар артып жүрген.



Бір ыдыс кергіштелген аузы арандай,
Құйған нәрсең өтеді аялдамай.
Тек түбінде қыл-қыбыр…
Қалар ылғай.



Шеңберлi есiгi бар,
Жүздеген тесiгi бар.
Iшiне кiргендердiң,
Ұсағы жол табады,
Iрiсi тор қабады.
Ыдыс-аяқ бөлмесi,
Тазалықтың көрмесi.



Ұшы үшкiр, сабы бар,
Екi жүзi қайраулы
Бауы менен қабы бар,
Белде жүрер байлаулы.



Құдықтың iшiнен,
Құдық көрдiм.
Бiрiнде – су қайнайды,
Бiрiнде – от жайнайды.



Иiнiнде құлағы,
Iшiнде бұлағы.
Көмейiне от салсаң,
Ызыңдап тұрады.



Мөлдір түрі,
Шеңбер түрі.
Аузы тарлау,
Шыны күбі.



Ыдыс-аяқ бөлмесі,
Тазалықтың көрмесі.



Қынама бел толықша,
Тапал ғана бойы бар.
Адамдарға жолықса,
Таяқ жейтін жайы бар.
Өзінің дәу аузы бар,
Түбі бітеу, аяғы бар,
Дәнді түйер қауызы бар,
Шомбал таяғы бар.



Шеңберлі есігі бар,
Жүздеген тесігі бар.
Ішіне кіргендердің,
Ұсағы жол табады,
Ірісі тор қабады.



Біреу есігі,
Түбінің
Көп-ақ тесігі.



Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол.



Ұшы үшкір, сабы бар,
Екі жүзі қайраулы
Бауы менен қабы бар,
Белде жүрер байлаулы.



Көлшікте жүзіп,
Түбін шарлап шығады.
Қауғасы сүңгіп,
Балығын аулап шығады.


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері