Емізік туралы жұмбақ – жауабымен | Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар


Сүті жоқ сыңар емшек,
Сәбилер құмар емшек.

Емізік

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл жұмбақтың жауабы қандай?

Емізік

Бұл қандай жұмбақ?

Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар

Жұмбақты қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтың толық мәтіні мен жауабын онлайн оқуға болады.

Басқа да жұмбақтар


Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.

Таба



Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.

Оқтау



Өзі жаңа,
Өзі тесік.

Елеуіш



Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.

Пышақ



Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.

Қасық



Сүңгіп жүр, жүзіп жүр:
Судан дәм сүзіп жүр.

Кепсер



Түгел айтсақ не барын:
Төрт құлақ та бір қарын.

Қазан



Бес қаруы бойында.

Универсал бәкі



Дос үйіне түстің бе?—
Түгел соның үстінде.

Дастарқан



Темір де, ағаш та емес,
Ыдыс, су құяды.
Шөлдерде қатады ес,
Мол су сияды.

Тұлып, мес


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.