Таба туралы жұмбақ жауабымен


Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.

Таба

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Бір ғана есігі бар,
Жүздеген тесігі бар.
Ішіне түскендердің
Ұсағы жол табады,
Ірісі тор қабады.




Төрт аяқты,
Екі құлақты,
Кеңірдегі темір,
Асы – ағаш, көмір.




Құйрығы да үзілді,
Дауысы да бұзылды.




Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.




Өзі жаңа,
Өзі тесік.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері