Ұшы үшкiр, сабы бар,
Екi жүзi қайраулы
Бауы менен қабы бар,
Белде жүрер байлаулы.Қанжар
Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.
Таба
Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.Оқтау
Өзі жаңа,
Өзі тесік.Елеуіш
Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.Пышақ
Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.Қасық
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі