Қазақ туралы жұмбақ жауабымен


«Қ» әрпінің мәні көп,
Жарасымды сәні көп.
Бұл әріптен басталған
Сөздердің де саны жоқ.
Басталып бір әріппен,
Бітетін сол әріппен,
Кең даланың қожасы,
Таныс болғын халықпен.
Ол кім?

Қазақ

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Егер «Қ»-дан бастасаң,
Көмір түсі шығармын.
«Қ»-ны алып тастасаң,
Ағаш кесер құралмын.




Егер «Қ»-дан бастасаң,
Тағамның мен ағымын.
«Қ»-ны алып тастасаң,
Беттің ішкі жағымын.




Егер «Ж»-дан бастасаң,
Түнде болам басыңда.
«Ж»-ны алсаң, айналам,
Қырмандағы асылға.




Егер «Т»-дан бастаса,
Сан ғып мені санайды.
«Т»-ны алып тастаса,
Күйдіремін маңайды.




Енді таспа,
А-дан баста
Түнде тәтті түс көрдім.
…. қондым.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері