──────── 1 ────────
«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың,
«Ш»-ны орнынан алғанда,
Терезеге саласың
──────── 2 ────────
«К»-ден бастап оқысаң,
Құс атауы, қарашы!
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы
──────── 3 ────────
Егер «И»-ден бастасаң,
Хайуанаттың түрімен.
«И»-ді алып тастасаң,
Әріптердің бірімін
──────── 4 ────────
Оңға қарай оқысаң да – бір халық,
Солға қарай оқысаң да – бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс
──────── 5 ────────
«К»-деп егер бастасаң,
Шомыласың суына
«Т»-дан егер бастасаң,
Төрт түліктің баласы
«Ш»-дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына
«С»-дан егер бастасаң,
Ақ қайыңнан аласың
──────── 6 ────────
Сөз басында «Б» болса,
Бас киімің боламын.
Сөз басында «Ө» болса,
Жазда пісіп соламын
──────── 7 ────────
Егер «М»-ден бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»-ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын
──────── 8 ────────
Егер «С»-дан бастасаң,
Бір баласы қазақтың.
«С»-ны алып тастасаң,
Ең тәуірі ол, тамақтың
──────── 9 ────────
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады
──────── 10 ────────
«К»-дан егер бастасаң
Түндей қара бір түспін.
«Ш»-дан егер бастасаң
Ернеуі кең ыдыспын
──────── 11 ────────
Алғашқы буыны – құс,
Соңғы қос әрпі – түс.
Екеуін қосып жіберсең,
Көл жағалап тік өсем
──────── 12 ────────
«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегістер,
«Ү» түсіп қалса жаманы,
Құлама болар тегіс жер
──────── 13 ────────
Майысқақпын, нәзікпін,
Садақ болып иілем.
Соңғы әріп «Н» болса,
Қоқыстарға үйілем
«Қ» әрпінің мәні көп,
Жарасымды сәні көп.
Бұл әріптен басталған
Сөздердің де саны жоқ.
Басталып бір әріппен,
Бітетін сол әріппен,
Кең даланың қожасы,
Таныс болғын халықпен.
Ол кім?
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі