Шырша саясы – күркесі,
Өзі – орман еркесі.
Қарғып жүрер жан-жаққа
Өте құмар жаңғаққа.Тиін
Тұмсығымен соққылап,
Зиянкесті іздейді.
Ағаш діңін бақылап,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді.
Қарап тұрсаң түріне,
Буып қойған дорбадай.
Сүңгіп мұхит түбіне,
Мұзда жүрер жорғалай.
Тап, мақұлық бұл қандай?
Қанатында саусағы,
Қараңғы түн аусары.
Жабысатын жар тасқа
Бұл қандай нар қасқа?
Ұша алмайтын көкте,
Жүзе алатын суда,
Тік жүретін жерде
Құсты көрсең, қума!
Ол қандай құс?
Ұстай алсаң, бұлтылдап,
Ішін бассаң, былқылдап,
Терісі де тайғанақ,
Қолда тұрмас жылпылдап.
Қандай әдемі, қазақтың классикалық жұмбаҚ
Мұндай қазақ жұмбақтарын жинап, қолжетімді етіп қойғаныңызға алғыс! Мектептегі балаларға, отбасылық ойын-сауыққа, әдебиет сағаттарына өте пайдалы. Жұмбақ шешкен сайын қазақ тілінің байлығын, ақыл-ойдың нәзіктігін сезінесің. Осындай табиғат туралы жұмбақтар көп болсын!
Қазақ фольклорының асылдары осында сақталып тұр!
Рақмет сіздерге, жалғастырыңыздар! Жұмбақтарыңыз көп болсын, шешімдері тез табылсын!