Қанатында саусағы,
Қараңғы түн аусары.
Жабысатын жар тасқа
Бұл қандай нар қасқа?Жарқанат
Қос мұржалы төбесі,
Сары теңіздің кемесі.
Тұмсығымен соққылап,
Зиянкесті іздейді.
Ағаш діңін бақылап,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді.
Қарап тұрсаң түріне,
Буып қойған дорбадай.
Сүңгіп мұхит түбіне,
Мұзда жүрер жорғалай.
Тап, мақұлық бұл қандай?
Ұша алмайтын көкте,
Жүзе алатын суда,
Тік жүретін жерде
Құсты көрсең, қума!
Ол қандай құс?
Ұстай алсаң, бұлтылдап,
Ішін бассаң, былқылдап,
Терісі де тайғанақ,
Қолда тұрмас жылпылдап.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі