Жұмбақтар жауабымен – 10-бет


Дауыл дәнді ұшырып,
Шарлар жауды аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан.



Бір ғана есігі бар,
Жүздеген тесігі бар.
Ішіне түскендердің
Ұсағы жол табады,
Ірісі тор қабады.



Екі тас беттесіп,
Жұтады бидайды.
Бір дәнін бірақ та,
Жеуге өзі қимайды.
Майдалап қайтадан
Адамға сыйлайды.



Ортасында діңгегі бар,
Толып жатқан ілгегі бар.



Төбесіне тігіп көк шатыр,
Көлеңкесінде көп тамыр,
Көгілдір болып доп жатыр.



Шөп үстінде қалтырап,
Моншақ жатыр жалтырап.



Бес туыс қалмастан бірі де,
Суықта тығылар бір інге.



Торсылдақты іліп ем,
Жадыратты нұрымен.



Кисең – қампияды,
Шешсең – жалпияды.



Сауырында – нар тісі,
Тұтасты бөлу – бар ісі.



Зырылдаса айналып,
Беліне шар байланып,
Алғандай бір тон киіп,
Шыға келер томпиып.



Тау түбінде іні бар.
Қос көрші кім, біліп ал!



Тұмсығымен соққылап,
Зиянкесті іздейді.
Ағаш діңін бақылап,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді.



Қарап тұрсаң түріне,
Буып қойған дорбадай.
Сүңгіп мұхит түбіне,
Мұзда жүрер жорғалай.
Тап, мақұлық бұл қандай?



Қанатында саусағы,
Қараңғы түн аусары.
Жабысатын жар тасқа
Бұл қандай нар қасқа?



«Қ» әрпінің мәні көп,
Жарасымды сәні көп.
Бұл әріптен басталған
Сөздердің де саны жоқ.
Басталып бір әріппен,
Бітетін сол әріппен,
Кең даланың қожасы,
Таныс болғын халықпен.
Ол кім?



Дәптерде жоқ,
Қаламда бар.
Өткелде жоқ,
Пеналда бар.



Баста жоқ,
Бетте бар,
Шашта жоқ,
Етте бар.



Үйде жоқ,
Қыста бар.
Түзде жоқ,
Тыста бар.



Картада жоқ,
Далада бар.
Арқада жоқ,
Қалада бар.



Көлікте бар,
Арбада жоқ.
Өрікте бар,
Дорбада жоқ.



Арзанда бар,
Қымбатта жоқ.
Маржанда бар,
Сымбатта жоқ.



Күректе бар,
Суретте жоқ.
Жүректе бар,
Тілекте жоқ.



Сағатта жоқ,
Секундта бар.
Минутта жоқ,
Екі ұртта бар.



Үйректе жоқ,
Тауықта бар.
Бүйректе жоқ,
Сауықта бар.



Құланда жоқ,
Бестіде бар.
Бұланда жоқ.
Ешкіде бар.



Пойызда жоқ,
Вагонда бар.
Жағада жоқ,
Погонда бар.


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері