Боз шудадай түр-өңі,
Қол-аяқсыз жүреді;
Аттап бассаң бір елі,
Көзді байлар түнегі.Тұман
Жинап тозаң, түйірді,
Аспан ұршық иірді.
Тұнығынан көк көлдің
Сөнбей жатқан шоқ көрдім.
Қантқа ұқсас ақтығым,
Қыспен бірге шаттығым.
Күннің көзі жылынса,
Басылады аптығым.
Шуда-мамық көктегі
Інжу-маржан төккені.
Көлде жүзген көп қайық,
Бір қарасам, жоқ, ғайып.
Қашан шығады