Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 3-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Орман, түзді сағалап,
Жеміс-жидек асаған.
Зиянды жәндіктерді теріп жеп,
Қыруар пайда жасаған.Қырғауыл
Қауырсыны қап-қатты,
Жұбымен қанат қақты.
Құз-жартаста ұясы,
Көзі сондай қырағы,
Өзі түздің қыраны.Бүркіт
Қасқырды да аулайды,
Қанаты да талмайды.
Ұясы қия-жартаста,
Өзі қыран марғасқа.Бүркіт
Түз тағысы қыраны,
Өте сақ, тым қырағы.
Өзі епті қайсар құс,
Ағаш басына ұя салған,
Орманды мекендеп қалған.Қаршыға
Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?150 минут = 2 сағат 30 мин
Қар борайды тербесең,
Ұстап көрші сенбесең.Елеуіш
Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.
Таба
Қалтамда жатыр тісі бар,
Тістемей-ақ істер ісі бар.Тарақ
Орана бередi, орана бередi,
Оранған сайын көлемi молая бередi..Жiп орамы
Адасқанда ал қолыңа,
Бағыт берер ол жолыңа.Компас
Шiк түстi,
Бүк түстi.
Алшы тұрды,
Тəйке тұрды,
Омпа тұрды.
Шеше алады
Ал кiм мұны?Асық
Күмбірлетіп тау ішін,
Қайталанды дауысым.Жаңғырық
Дауысынды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткізер құлаққа.Жаңғырық
Айтқаныңды айнытпайды,
Қайталайды өзіне.
Тіл қатқанмен қаймықпай,
Көрінбейді көзіне.Жаңғырық
Зулап түсiп төменге,
Шықпас менсiз төбеге.Шана
Жеке өзiн жей алмайсың,
Онсыз асты да аузыңа салмайсың.Тұз
Iшiн желмен толтырдым,
Қуалап жүрiп болдырдым.Доп
Табанға тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым.(Коньки)Коньки
Төгiлiп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.Бұршақ
Су көтерiп жүрiп келем,
Өзiм бiреуге мiнiп келем.Иiнағаш
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, танымдық және логикалық жұмбақтарды бір жерге жинаған хаб-бет. Бұл жерден балаларға арналған жұмбақтар, жауабымен берілген қысқа және күрделі жұмбақтар, тақырыптық жұмбақтар мен жеке санаттар бойынша материалдарды көруге болады.
Жұмбақ оқу баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын, тіл байлығын және байқампаздығын дамытады. Сондықтан бұл бет мектеп оқушыларына, ата-аналарға, тәрбиешілерге және қазақша қызықты тапсырма іздейтін барлық қолданушыға пайдалы.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі