Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман – оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді.Аю
Арқалаған инесі көп,
Киім тіге білмейді.
Әуре болма ұстаймын деп,
Инесімен түйрейді.Кірпі
Шырша саясы – күркесі,
Өзі – орман еркесі.
Қарғып жүрер жан-жаққа
Өте құмар жаңғаққа.Тиін
Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине.Кірпі
Секең, секең етеді,
Орман – оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді.Тиін
Су жүрек қорқақ,
Сыбдырдан да қорқады.
Селтиіп екі құлағы,
Елеңдеп ылғи тұрады.Көжек
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі