Ұлағатты сөздер жинағы – 3-бет

Орыс шындығы мен қарапайымдылығы деген біздің салыстырмалы түрде алғандағы, төмен мəдениетіміздің көрінісі.

Ілмектер: қарапайымдылық, мәдениет Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Баскесердің рөлі тек түсінбестіктен ғана ең масқара рөл саналып жүр.

Ілмектер: баскесер, масқара Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Жарық адамның сұлулыққа деген көзін ашады – бірақ ол, сол сияқты, сиықсыздықты да əшкерелеп береді.

Ілмектер: жарық, сұлулық, көз Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Болашақтың кілті-жастар!

Ілмектер: жастар Шаңлатбай Айдана
WhatsApp Telegram

Ой келіп қалған екен – есігіңді айқара аша бер!

Ілмектер: ой, есік Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Рəміздер үнемі сұлу бола бермейді.

Ілмектер: Рəміз, сұлу Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Біздің өзімізге де күмəнді көрінген пікірлердің өзі туралы тым кесімді сөз айтып, жəне, тіпті, оны ақиқат деп тануды талап етіп тұрып алатын сəттеріміз жиі кездеседі.

Ілмектер: күмән, ақиқат, пікір Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Қисынды ойлау əдеті қиялды құрбандыққа шалады.

Ілмектер: ойлау, құрбандық Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Пушкин жылай алушы еді: ал жылай білген адам үміттене де алады.

Ілмектер: Пушкин, жылау, үміт Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Орыстың бетін тырнап жіберсең астынан татардың беті шыға келеді.

Ілмектер: орыс, татар, бет, тырнау Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Жазушы – апандағы күшіктеріне аласұрып жүгіріп жеткен жаралы жолбарыс тəрізді.

Ілмектер: жазушы, апан, күшік, жолбарыс Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Философтарға қатысты əлі ешкім де «жалдамалы ар» дегенді қолданып көрмеген екен. Неге?

Ілмектер: философ, ар Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Өте ешкімге ұқсамайтын адамның қарабайыр жазушы ғана болуы жиі кездеседі жəне керісінше де болуы мүмкін.

Ілмектер: адам, ұқсау, жазушы Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Кекірік адамның ең асқақ ойларын күрт үзеді. Бұдан қажет болса, белгілі бір қорытынды шығаруға болар еді, бірақ, қажет болса, ешқандай қорытынды шығармауға да болады.

Ілмектер: Кекірік, адам, ой, қорытынды Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Мазақ пен мадақтың арасы да – бір-ақ қадам.

Ілмектер: Мазақ, мадақ, қадам Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Күдік біздің бүкіл өмірімізге нəр беріп тұрақты шығармашылық күшке айналуға тиіс.

Ілмектер: Күдік, Өмір, шығармашылық, күш Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Адамды қалпын өзгертпеген жағдайда тыңдау керек.

Ілмектер: тыңдау, адам Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Қиындықтан да, жақсылықтан да жоғары тұрғанды іздеу керек: Құдайға жол табу керек.

Ілмектер: қиындық, жол, құдай, жақсылық Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Адамгершілігі зор адамдар – ең кекшіл адамдар.

Ілмектер: адамгершілік, кек, кекшілдік, адам Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Жаңа ойлар, тіпті өз ойларың болса да, бірден ұнамды бола кете қоймайды. Алдымен оларға үйренісу керек.

Ілмектер: ой Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Ешбір ғылым, ешбір өнер қараңғылық құшағындағыдай тылсым сыйлай алмайды.

Ілмектер: ғылым, өнер, қараңғылық, тылсым Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Не қажет екенін білмеу – ең ұятты жағдай болып саналады.

Ілмектер: қажеттілік, ұят Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Өшпенділікке – оң мен солдың бəрі бір: құрал таңдамайды.

Ілмектер: өшпенділік, құрал Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Байбалам салу арқылы адам жанының кез-келген қажетінің аузына уақытша құм құя тұруға болады.

Ілмектер: байбалам, үндемеу Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Адамға ойдағы бір ізділіктен гөрі, дауыс ырғағындағы бір ізділік көбірек əсер етеді.

Ілмектер: ізділік, ой, дауыс Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Іс жүзіңде жасампаз адамның көретіні – əдетте тек қорлық қана.

Ілмектер: қорлық, жасампаздық, адам Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Наполеон адам жанының білгірі саналған. Шекспир де – солай. Ал олардың білімдерінің арасында ешқандай байланыс жоқ.

Ілмектер: Наполеон, Шекспир, білгір Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Біз өміріміздегі аса қиын сəттерде – көп ойланамыз, ал еріккенде – қолға қалам алып, жазуға кірісеміз.

Ілмектер: өмір, қиындық, сәт, ойлану, қалам, ерігу, жазу Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Біз күлкілі болғандықтан емес, өзіміз көңіл көтеріп, күлу үшін біреуді келемеждеп, қылжақ етеміз.

Ілмектер: күлкі, көңіл көтеру, келемеждеу, қылжақ Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Данышпандар ақымақтардан артық білмейді: олардың бойындағы ержүректік пен өзіне-өзі сенімділік қана артық.

Ілмектер: данышпан, ақымақ, ержүрек, сенімділік, артық Лев Шестов
WhatsApp Telegram