Лев Шестов нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.
Лев Шестов дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.
Жанашырлық сезімі біздің бойымызда ұдайы жасайды: біздің тіршілігімізге ыңғайластырылған күйде.
Ілмектер: Жанашырлық, сезім Лев Шестов
Оқырман жазушы үшін өмір сүреді.
Ілмектер: оқырман, жазушы, өмір сүру Лев Шестов
Адамдық ақиқаттар тек қызмет бабында ғана іске жарамды.
Ілмектер: адам, ақиқат, қызмет Лев Шестов
Адам қайтсе де алғысы келіп тұрады: бірақ қолынан келе бермейді.
Ілмектер: адам Лев Шестов
Адамның қолынан келіп тұрғанда өз табысына мүлдем мəн бермеуі жиі кездеседі. Басқаларға ықпалын жоғалтқан күніақ күйіне бастайды. «Тургенев бикештеріне» кім сөз салмайды дейсің: ал олар болса – күшті еркектердің ғана құшағына құлайды.
Ілмектер: адам, табыс Лев Шестов
Адам бірдеңеге сенбей тұра алмайды: бұл – анық нəрсе.
Ілмектер: адам, сенім Лев Шестов
Адамның өте кертартпа (консервативті) болмыс екені соншалық, кез келген өзгеріс, тіпті оң өзгерістердің өзі оның зəресін ұшырады.
Ілмектер: адам, кертартпа, болмыс, өзгеріс Лев Шестов
Философия қашан да қызмет алуға құштарлық танытқан. Орта ғасырларда ол аncilla teologiael атанды, ал қазір ол – ғылымдардың қызметшісі. Ал өзін ғылымдардың ғылымы деп атайды.
Ілмектер: философия, ғалым, ғылым Лев Шестов
Пифагорлықтардың өзі күннің қозғалмайтынын жəне жердің айналатынын болжап білген. Ал осы ақиқатты дəлелдеу үшін қанша алтын уақыт қор болды десеңізші!
Ілмектер: уақыт, күн, жер, ақиқат, дәлел Лев Шестов
Адамдарды сендіру көңілсіз де қиын нəрсе, тіпті керегі жоқ та болуы мүмкін.
Ілмектер: адам, сендіру Лев Шестов
Өзіміз үшін өте маңызды əрі қажетті, өзіміз шын қастерлейтін жəне сүйетіннің бəрін біз сирек мақтаймыз.
Ілмектер: маңызды, мақтау, сүю Лев Шестов
Ұлы идеяларды туғызушылар өз туындыларына тым қалай болса солай қарап, олардың кейінгі тағдырына тым аз көңіл бөледі.
Ілмектер: идея, туынды, тағдыр Лев Шестов
Тағдыр, əсіресе, идеалдар мен ажалды бейбақтардың сəуегейліктерін тəлкек етуге құмар – жəне дəл оның ұлы данышпандығы да осыдан сезілетін тəрізді.
Ілмектер: тағдыр, ажал, данышпандық Лев Шестов
Адамдарды, өмірді, əлемді білсек деген құлшынысымыз – солай жасауымызға кедергі болып жүр.
Ілмектер: адам, өмір, әлем, құлшыныс, кедергі Лев Шестов
Шарасыздық (фатализм) жұрттың бəрінің зəресін ұшырады.
Ілмектер: шарасыздық, жұрт, зәре Лев Шестов
Мойындаудың көз жасында арсыздық бар.
Ілмектер: Мойындау, көз жасы, арсыздық Лев Шестов
Данышпанның ақымақтықты ақтап алғанынан гөрі ақымақтың данышпанды жұрт алдында бар абыройынан жұрдай етуі əлдеқайда жеңілірек.
Ілмектер: Данышпан, ақымақтық, жұрт Лев Шестов
Ең маңызды да, мəнді ойлар, жаңалықтар өмірге сөзкөйлексіз жалаңаш келеді: оларға лайық сөз табу – ерекше, өте қиын іс, бүтін бір өнер.
Ілмектер: ой, жағалық, өнер Лев Шестов
Орыс шындығы мен қарапайымдылығы деген біздің салыстырмалы түрде алғандағы, төмен мəдениетіміздің көрінісі.
Ілмектер: қарапайымдылық, мәдениет Лев Шестов
Баскесердің рөлі тек түсінбестіктен ғана ең масқара рөл саналып жүр.
Ілмектер: баскесер, масқара Лев Шестов
Жарық адамның сұлулыққа деген көзін ашады – бірақ ол, сол сияқты, сиықсыздықты да əшкерелеп береді.
Ілмектер: жарық, сұлулық, көз Лев Шестов
Ой келіп қалған екен – есігіңді айқара аша бер!
Ілмектер: ой, есік Лев Шестов
Рəміздер үнемі сұлу бола бермейді.
Ілмектер: Рəміз, сұлу Лев Шестов
Біздің өзімізге де күмəнді көрінген пікірлердің өзі туралы тым кесімді сөз айтып, жəне, тіпті, оны ақиқат деп тануды талап етіп тұрып алатын сəттеріміз жиі кездеседі.
Ілмектер: күмән, ақиқат, пікір Лев Шестов
Қисынды ойлау əдеті қиялды құрбандыққа шалады.
Ілмектер: ойлау, құрбандық Лев Шестов
Пушкин жылай алушы еді: ал жылай білген адам үміттене де алады.
Ілмектер: Пушкин, жылау, үміт Лев Шестов
Орыстың бетін тырнап жіберсең астынан татардың беті шыға келеді.
Ілмектер: орыс, татар, бет, тырнау Лев Шестов
Жазушы – апандағы күшіктеріне аласұрып жүгіріп жеткен жаралы жолбарыс тəрізді.
Ілмектер: жазушы, апан, күшік, жолбарыс Лев Шестов
Философтарға қатысты əлі ешкім де «жалдамалы ар» дегенді қолданып көрмеген екен. Неге?
Ілмектер: философ, ар Лев Шестов
Өте ешкімге ұқсамайтын адамның қарабайыр жазушы ғана болуы жиі кездеседі жəне керісінше де болуы мүмкін.
Ілмектер: адам, ұқсау, жазушы Лев Шестов
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі