Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (19)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Данышпан" туралы Ұлағатты сөздер

"Данышпан" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Қараңғыда жарықты көре білу керек, ол сыртта жанбаса да, іште жанып тұр, бірақ адамдар бәрібір жоқ жарықты, сырттағы жарықты көргісі келеді. Сондықтан да данышпандардың бәрі «Нағыз бақыт адамның ішінен» дейді.

Ілмектер: Бақыт, қараңғы, жарық, жану, адам, данышпан Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Данышпанның асқақтатқаннан гөрі төмендетілуі басым.

Ілмектер: данышпан, төмендету Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Данышпан адам табиғатынан жайсыз келеді: ал халық болса — тыныштықты қалайды.

Ілмектер: данышпан, табиғат, жайсыз, халық, тыныштық Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Данышпандар мен ғалымдар — біз қарайтын өмірге басқаша қарайды. Олар ерекше ойлау қабілетіне ие.

Ілмектер: Данышпан, ғалым, өмір, ойлау, қабілет, туралы Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Данышпан қателік жасамайды. Оның қателіктері қасақана.

Ілмектер: Данышпан, қателік, нақыл, афоризм, қасақана, қанатты сөздер Джеймс Джойс
WhatsApp Telegram

Менiңше, бiрге жиналған кезде ең ұлы адамдар да топастанып қалады және данышпандар көп болған жерде даналық та аз болады.

Ілмектер: данышпан, даналық, топастық, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье
WhatsApp Telegram

Ешкiм өзiнiң қандай екенiн көрсетпейдi, әркiм бетперде тағып, өзiнiң рөлiн ойнайды. Жалпы, барлық қоғамдық өмiр комедиялық қойылым сияқты. Бұл ойлы адамдарды ебедейсiз, ерсi етедi, ал қауақ бастар өздерiн данышпан сезiнедi.

Ілмектер: бетперде, қоғам, өмір, комедия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, данышпан Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Дүниеге шын данышпанның келгенiн бар ақымақтың оған қарсы күреске бiрiккенiнен байқауға болады.

Ілмектер: дүние, данышпан, ақымақ, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт
WhatsApp Telegram

Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын уысында ұстайды. Сол сияқты, жоғары тұрғысы келген данышпан өзiн төменге қояды.

Ілмектер: данышпан, бұлақ, су, төмен, жоғары, өзен, көл, анықл, афоризм, қанатты сөздер, тау Лао-цзы
WhatsApp Telegram

Адам деген — әлемнің анық бағы,
Түсінер мұны олардың данышпаны.

Ілмектер: данышпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям
WhatsApp Telegram

Надан заттардың өз мәнiсiне сәйкес келетiнiне таңданады және осы таңырқау бiлiм бастауы болады: данышпан, керiсiнше, заттар өзi бiлетiннен басқаша болса таңданар едi.

Ілмектер: надан, таңдану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, білім, данышпан Аристотель
WhatsApp Telegram

Данышпандықтың құпиясы қарапайым — еңбек, табандылық және парасаттылық.

Ілмектер: Данышпан, құпия, еңбек, табандылық, парасат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Эдисон
WhatsApp Telegram

Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да, ойлары жүзеге аспағандар көп. Тіпті ең жоғары білім де оны алмастыра алмайды. Өйткені әлем білімді жалқауларға толы. Ең басты құдірет — табандылық пен өз дегеніңнен қайтпау.

Ілмектер: ұмтылыс, табандылық, талант, данышпан, жоғары білім, білім, жалқау, құдірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок
WhatsApp Telegram

Данышпан болу өнерің сыры – нені назарға алмау керегін білу.

Ілмектер: данышпан, маңыздылық, Жетістік Уильям Джеймс
WhatsApp Telegram

Данышпандықты танып, білген де - данышпан.

Ілмектер: данышпан, данышпандық, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Данышпандар туралы зерде - олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ғана ел жадында сақталады.

Ілмектер: дана, данышпан, ел Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Ілмектер: ұлы, дана, данышпан Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Шенеуніктің орнына еріксіз байланған данышпан не өлуі не ақылдан айрылу мүмкін.

Ілмектер: шенеунік, ерік, данышпан, өлу, ақыл Михаил Лермонтов
WhatsApp Telegram