Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (46) Өлеңдер (144) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (47) Ұлағатты сөздер (211)

Бақыт — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "бақыт" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Осы күнде ешкімге ренжімеймін де, іздемеймін де, тіпті ешкімді сағынбаймын. Күйкі тірлікке көміліп, қарын тойып, ұйқы қанса одан өзге ешбір мұрат-мақсат жоқ тәрізді сиықсыз күндер. Мұндай «тыныштықтан» да жалығады екен адам... Күні кеше тағдырыма төңкеріс жасап, өміріме өзгеріс енгізгім келген. Бәрін тастап, Алматыға тартып кетіп, бақытты қолдан жасағым келді. Алайда, мен бақытсыз емес ем. Олай тәуекел ету қажет емес екенін түсіндім. Бәлкім дәм-тұзы Алматының тартпаған болар...

Ілмектер: реніш, сағыныш, мақсат, күн, тыныштық, тағдыр, өмір, бақыт, тәуекел Салтанат Айдарбекова
WhatsApp Telegram

Өмірде отты да – мен,текті де – мен,
Әруақты, арқалы да, епті де – мен.
Сырт көзге өтенім бар, бақыттымын,
Ендеше, неге ғана көп түнерем.

Ілмектер: Өмір, бақыт Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Оңалмастай бақытсыз болу – өте ұят!

Ілмектер: ұят, бақытсыз, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Өміріңнің бақыты — ойларыңның сапасына байланысты.


Нақыл сөз (ағылшынша): “The happiness of your life depends upon the quality of your thoughts.”
Дереккөз: Бұл тұжырым Meditations атты еңбектен алынған дүниетанымдық мағынадағы сөз ретінде танымал (көбіне цитата түрінде таратылған, оның түпнұсқа мағынасы ойларымыз бен ішкі бағдарымызға негізделген).

PS: Ойларымыздың тазалығы мен бағыттылығы біздің бақытымыз бен ішкі тыныштығымызға тікелей әсер етеді.

Ілмектер: стоицизм, ойлар, бақыт, Ой тазалығы, позитив Марк Аврелий
WhatsApp Telegram

Бақыт пен қайғы – сыртқы дүниеде емес, өз санамызда. Күйзеліс – оқиға не жағдайдан емес, оларға берген мән-мағынадан туады.

Ілмектер: бақыт, қайғы, дүние, сана, күйзеліс, мән, оқиға, жағдай, мән, мағына Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.

Ілмектер: тәрбие, бақыт, ұл, қыз, ұрпақ Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу — ол үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау — бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік.

Ілмектер: ерлік, жақсы көру, бақыт, күрес, жүрек Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

Ілмектер: бақыт, болашақ, жақсылық, тілек Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram

Əдетте барлық игілік біткенге, бақыттан күткенге бастайтын төте жол тек билік жолы тəрізді көрінеді.

Ілмектер: бақыт, билік Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Сəтті аяқталатын сиқырлы ертегілердің қай-қайсысы болсын — адамзаттың бақытты болашаққа деген үміті ешқашан əлсіреп көрмегендігінің дəлелі.

Ілмектер: ертегі, бақыт, болашақ, үміт Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Өзіңнен бақыттырақ адамды көрмейінше сен бақыттысың.

Ілмектер: Бақыт Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Мектеп қалай бақытты өмір сүруді үйретпейді. Балаға болашақта қайта іздену қажет ғылымды жай ғана таныстырып шығады. Жақсы оқу ғибратты өмірге гарантия бермейді. Гарантия беретін жалғыз ақиқат — Жаратушының өмір заңдары мен адамзаттың пайдасына жараған ғылым.

Ілмектер: Мектеп, өмір, бала, бақыт, болашақ, ғылым, оқу, керемет, өмір, гарантия, ақиқат, жалғыз, Жаратушы, заң, адамзат, пайда, ғибрат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Бақыт — денеге әсер етсе, бақытсыздық жаныңды қажайды.

Ілмектер: бақыт, дене, бақытсыздық, жан Марсель Пруст
WhatsApp Telegram

Адам бақытсыз бола түскен сайын, адамгершілігі жоғарылай бастайды.

Ілмектер: бақыт, адамгершілік, адам, бақытсыздық Марсель Пруст
WhatsApp Telegram

Сіз өзіңізге көрінген бақытсыз күйді ешқашан кешпейсіз.

Ілмектер: бақыт, күй, бақытсыздық Марсель Пруст
WhatsApp Telegram

Қараңғыда жарықты көре білу керек, ол сыртта жанбаса да, іште жанып тұр, бірақ адамдар бәрібір жоқ жарықты, сырттағы жарықты көргісі келеді. Сондықтан да данышпандардың бәрі «Нағыз бақыт адамның ішінен» дейді.

Ілмектер: Бақыт, қараңғы, жарық, жану, адам, данышпан Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Мен өмірде бақытты адамдарды көрген жоқпын. Тек уақытша қуанышты сәттерді көрдім.

Ілмектер: Бақыт, қуаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Біз бақытты өмір сценарийін қаласақ, оны әркім жаза алады, ең бастысы болмыстың канондары мен принциптерін (негіздерін) білу - бұл біз үшін ең пайдалы білім, бұл өмір заңдары (Жаратушы заңдарын) меңгеру керек.

Ілмектер: бақыт Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Өмірдің ғылыми заңдары бар, бақытты болу үшін соларды білу керек, осы заңдарға бағыну керек, оларды өзіңе қарсы емес, өз бақытың үшін қолдану керек.

Ілмектер: Ғылым, өмір, заң, бақыт Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Әрбір бақытты адам өзінше айлакер түлкі.

Ілмектер: Бақыт, айла, айлакер, түлкі Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram