Орыстың бетін тырнап жіберсең астынан татардың беті шыға келеді. Ілмектер: орыс, татар, бет, тырнау Лев Шестов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Орыстың бетін тырнап жіберсең астынан татардың беті шыға келеді.
Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек. Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi — Дінмұхамед Қонаев қазақ, намыс
Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, бала
Түркі сөздерін қабылдауға әдетте орыс тілі бейім келеді. Дәл орыс тіліндегідей ешбір басқа тілде түркизмдер өз қалпында сақталмайды. Тіл мамандары моңғол тіліне енген түркизмдер адам танымастай болып өзгеріп кететінін айтады. — Олжас Сүлейменов тіл, түркизм
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. — Әлихан Бөкейханов фрнацуз, орыс
Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды. — Әлихан Бөкейханов сайлау, орыс
Қарабайыр Мəскеу патшалығы — қазір де орыс рухына өзгеше сай келетін жалғыз форма. — Освальд Шпенглер орыс, рух
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Әлеуметтік желілердегі "Кімдікі Дұрыс" ойынын ойнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты өте төмен деңгейге түсіріп жатыр. — Нарша Булгакбаев Әлеуметтік желі, дұрыс
Хабарлама
INFO
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі