Пушкин жылай алушы еді: ал жылай білген адам үміттене де алады. Ілмектер: Пушкин, жылау, үміт Лев Шестов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Пушкин жылай алушы еді: ал жылай білген адам үміттене де алады.
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын. — Қадыр Мырза Әли адам, жылау
Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр. — Омар Хайям көз, алдау
Мен туылған кезде қатты жыладым. Бірақ мен өмір сүріп келе жатқан әр күн маған не үшін жылағанымды түсіндірді. — Александр Куприн өмір, жылау
Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің. — Абай Құнанбайұлы жылау, нақыл
Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ. — Әзілхан Нұршайықов бала, сабақ
Күннің немесе түннің қай мезгілінде болса да, міндетті түрде төгілуге тиісті жастар болады. Сондықтан өз-өзіңізді іштей жей бермеңіз, жылап алыңыз. Жеңілдеп қаласыз. — Стивен Кинг жылау, жеңілдеу
Келмейтұғын нәрсеге жаныңды қинап жылама. — Махамбет Өтемісұлы қиналу, жылау
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында. — Салтанат Айдарбекова жылау, әйел
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі