Су ішінде өрмек құрдым,
Ала жаздай ермек қылдым.Ау
Қарап көріңіз:
Барлық жұмбақтар Логикалық сұрақтар Сіріңке жұмбақтары жауабымен Математикалық жұмбақтар Табиғат туралы жұмбақтар
Ау
Аңшы, аңшылық, қару-жарақ туралы жұмбақтар
Бұл бетте жұмбақтың толық мәтіні мен жауабын онлайн оқуға болады.
Құрығы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?Жылқышы
Қармағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?Балықшы
Қара күшігім қаңқ етті,
Дауысы Бұхарға жетті.Мылтықтың даусы
Өмір-өмір өмірден,
Жаққан оты көмірден.
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.Мылтық, оқ
Судыр-судыр жүрегім,
Судыр қара дөненім.
Желіп кетсе жеткізбес,
Түсіп кетсе таптырмас.Ор
Тұрса түйедей,
Жатса қояндай.Ертоқым
Сүмбелі теректі,
Қызыл желекті.
Ерден қалмайды,
Жауда керек-ті.Найза
Құрт іліп, суға малып алдым,
Тереңнен балық алдым.Қармақ
Білетін бар жұмысы:
Әлемнің төрт бұрышы —
Оңтүстік пен солтүстік,
Батыс пенен шығысы.
Компас
Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді.Ер-тоқым
- Бернард Шоу
- Марк Твен
-
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі