Басқа да жұмбақтар
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане, кім тез шешеді?
Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін:
Санын айтшы түйенің?
Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын, балақан.
Жетпісті қуып жетем десең,
Мөлшерлеудің жөні бұл.
Жетіні қанша еселесең,
Жетесің?
Соны біл!
Алпыс ала қарға,
Қырық қара қарға,
Таласты жемге
Жатқан ақ қарда.
Ала қарғалар ала қашады.
Қара қарғалар алдын тосады.
Қайта айналып жерге қонады.
Барлығын қоссаң, қанша болады?
маған кітаптар жайындағы жұмбақтар ұнады РАХМЕТ КӨП КӨП
40 кітап шығуы керек. 34 ең азы,оған 6 ны қосамыз, 40 шығады. 43-3=40, 41-1=40
Осындай қызықты қазақша жұмбақтар ойды дамытып, тапқырлықты арттырады. Жалпы, сайттағы жұмбақтар бөлімі өте пайдалы әрі танымдық.