1 жылдың неше айында 30 күн бар?5
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане, кім тез шешеді?5
Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін:
Санын айтшы түйенің?7
Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын, балақан.8
Жетпісті қуып жетем десең,
Мөлшерлеудің жөні бұл.
Жетіні қанша еселесең,
Жетесің?
Соны біл!Он есе
Алпыс ала қарға,
Қырық қара қарға,
Таласты жемге
Жатқан ақ қарда.
Ала қарғалар ала қашады.
Қара қарғалар алдын тосады.
Қайта айналып жерге қонады.
Барлығын қоссаң, қанша болады?100 қарға
Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жүп саны,
Нешеу болды түп саны?Он
Онжан тапқан
Он жаңғақтан
Екіден-ақ
Еппен санап,
Балжан алды,
Әлжан алды,
Қалжан алды,
Қанша қалды?Төртеу
Миллионда неше нөл бар?6
Ең үлкен 2 таңбалы сан?99
4 қойдың неше аяғы бар?16
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі