Қыстың соңғы қылығы

Бұл бетте «Қыстың соңғы қылығы» атты Қадыр Мырза Әлі жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тамшы – көктем пашағы.
Сүңгі – шатыр шашағы.
Сол шашақтан сырғанап,
Қыс ақырын қашады.
Түнде сәл-сәл қатады.
Тақаң бірақ батады.
Үсті қар да,
Асты су,
Көксоқта боп жатады.
Күн күледі қуланып,
Кейде көзі суланып.
Берекесі кетеді,
Мұздың беті буланып.
Қабыршақ мұз қалбыры,
Сол қалбырын қалдырып,
Қыс кетеді ақырын,
Абыройсыз қаңғырып.
Қашып жүріп ол әлі
Төңіректі шолады.
Өшін кейде алады
Үсік болып оралып!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер