Ардақ пен көгершіндер
Бұл бетте «Ардақ пен көгершіндер» атты Әбдікәрім Ахметов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көгершіндер, кептерлер,
Текке менен үрікпеңдер,
Тереземе қоныңдар,
Аулаққа ұшып кетпеңдер.
Дән шашайын, жем десең,
Су қояйын шөлдесең,
Тоқ жүрсеңдер жарайды,
Құрқылдасып күнде есен.
Қарағаның біртүрлі,
Келтіргендей күлкімді,
Қара моншақ көздерің
Қарамықтай сүйкімді.
Ұшқыш дейді сені ағам,
Қуанамын мен оған.
Жүргенің де тәрізді
Жерден бір зат санаған.
...Көгершіндер, кептерлер,
Аулаққа ұшып кетпеңдер,
Қылдан тұзақ құрмаймын,
Текке менен үрікпеңдер!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі