Бірді екі етер адамдарға байқаған

Бұл бетте «Бірді екі етер адамдарға байқаған» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1185
Бірді екі етер адамдарға байқаған,
Иесінен шайхана.
Деп сұрадым: «парсыша мен Лалаға,
Қалай нәзік ғашықпын, – деп,– айта алам?»
Дүниені жел секілді шайқаған
Иесінен шайхана:
Деп сұрадым: «Әдемі қыз Лалаға,
Сүйгізші,– деп, – қалай ыммен айта алам?»
Сұрадым мен, сұрадым мен тағы да,
Жүрегімнің әміріне бағына:
Қалай айтам әдемі қыз Лалаға,
«Жаралғансың – деген сөзді – бағыма».
Деді әлгі адам сұрағыма төзбеген:
Гүл-махаббат айтылмайды сөзбенен.
Айтылады, айтылады тек қана,
Жарқ-жұрқ еткен көзбенен.
Айтарым сол және осы бар шыным,
Сүю сөзін аударуға қарсымын.
Сүю деген жинақталған гүл нәрі,
Еріндерде еріп кетер бал шырын.
Махаббаттан құтылмайсың қашқанмен,
Барарың сол қайғырғанмен, тасқанмен.
«Сен менікі» деген сөзді тек қана,
Айта алады бет пердені ашқан қол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірді екі етер адамдарға байқаған өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Бірді екі етер адамдарға байқаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бірді екі етер адамдарға байқаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бірді екі етер адамдарға байқаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері