Қарамайды ол дауылға,
Қарамайды ол жауынға.
Күзетеді қас қақпай,
Туған жердің тауын да.
Қарамайды ол күніңе,
Қарамайды ол түніңе.
Күзетеді қас қақпай,
Туған жердің гүлін де.
Көл сыбырын біледі ол,
Жел сыбырын біледі ол.
Көк орманның шайқалған
Әр шыбығын біледі ол.
Бұлақ күліп ақса да,
Құстар сайрап жатса да,
Тыныштығын бәрінің
Күзетеді сақшы аға!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі