Бал бөбек
Бұл бетте «Бал бөбек» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Сенен, әттең, жан бөлек.
Торсық шекең толысып,
Сен бір піскен әңгелек.
Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Әттең, сенен жан бөлек.
Бесігіңе тал керек,
Ойнауыңа шар керек.
Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Әттең, сенен жан бөлек,
Түнде сені тербетіп,
Ұйықтататын ән керек.
Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Көз шырымын ал, бөбек,
Сен ер жетіп өскенше,
Тыныш ұйықтар таң керек.
Сол таңыңды күзетер
Ер жүректі жан керек.
Ой, бал бөбек, бал бөбек.
Әттең, сенен жан бөлек.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі