Тіл қатшы

Бұл бетте «Тіл қатшы» атты Бақыт Жасқалиева жазған тіл туралы өлең берілген.

Тіл қатшы
маған жақындап,
Қашықтап кетпе көрінбей.
Арманым болған сол бейнең,
Өзіммен жүрсін өрімдей.
Тіл қатшы
маған жақындап,
Аңсаймын кетпе алысқа.
Жүргенің мені мақұлдап,
Жіберді ұшырып ғарышқа.
Тіл қатшы
маған күлімдеп,
Өткенді түсір есіме.
Қысылсаң ерсі мұның деп,
Кездестің онда несіне.
Тіл қатшы
жаным телміріп,
Көзіңмен тұршы қадалған.
Жансыншы лаулап менде үміт,
Өресіз өшкен адамнан.
Тіл қатшы
іздеп келдім де,
Ұзақ-ұзақ жол жүріп.
Соқпай тұрсыншы жел мүлде,
Жанғанда зорға енді үміт.
От тастауға қолайсыз?
Арманды деме аңсама.
Махаббат отын абайсыз,
Өшіріп алғандар қаншама?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері