Жырым – сырым
Бұл бетте «Жырым – сырым» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер жаңбырмен найзағайлы көктесе,
Ән сал, құрбым, жүрегіңмен от көсе.
Шопан болып жүрер ме едің далада?
Маңыраған қозы, лақтың даусынан,
Жан-дүниең өлең төкпесе?
Тыныш жұмыс, жайлы жерді күйсінбей,
Жүру қиын табиғатты түйсінбей.
Жастық шағың өткен қиын қашанда,
Өз күшіңе, өз ісіңе сүйсінбей.
Дарқан дала сені жатса түйсінбей,
Жүрегіңе жатқаны ғой күй сіңбей.
Түрен салған трактордың иісін,
Жұтқан қандай сүйіктіңнің исіндей.
Хас шеберлер салған сырлы мүсіндей,
Жүрген аз ба ізгі ойыңды түсінбей.
Қайбір ісің көз тойдырып қуантса,
Айтып жүрер адамдар бар үлгі етіп,
Болса екен деп «Па, шіркіннің, ісіндей!»
Топты жарып оза шауып байқалсаң,
Құрақтайын седірең біткен жайқалсаң.
Шаршы топта сөзің өтіп жүрекке,
Айтар кезде айтарыңды айта алсаң.
Қолын бұлғап арман асқақ игі бақ,
Жүрек-таудан құйылғанда күй - бұлақ.
Жүрмесе егер ақ махаббат жетелеп,
Бақытқа ізгі қол жеткізу,
Бақытқа ізгі қол жеткізу қиын-ақ!..
Сөз кестелеп құрып ұйқас өрнегін,
Таттым талай бұл тағдырдың кермегін.
Жүрек – теңін шештім жыр мен сырға мол,
Ұнап жатса керегіңді ал, төрлегін!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі