Қазақстан
Бұл бетте «Қазақстан» атты Бақыт Жасқалиева жазған отан туралы өлең берілген.
Отаным, елім, жұртым, орман, тауым,
Кең жайлау, мал, жер, адам – барлық қауым.
Сендерді бар жаныммен құшып-сүйдім,
Болса жан саған дұшпан – менің жауым.
Қашанда сен бар кезде күшім керім,
Еңсемді сондықтан да түсірмедім.
Жүрекке сенің рухың мейірім төккен,
Ешқашан сен бар кезде кішірмедім.
Сыр айтып өлең арнап бұрым белге,
Төсіңде шапқылайды құлын – кеуде.
Өзгеге кіріптар боп жүрген қанша?
Отансыз тұрақ таппай жұмыр жерде,
Сағым бел асқар тауым мұнарланған,
Сендерсіз белін бүгер құларда арман.
Аспанның құшағы жеткен Қазақстан,
Сен Отансың қазаққа тұмар болған,
Сен Отансың қазаққа ұран болған!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі